Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Әкелерді бұл заңмен сүмірейтіп жіберген жоқпыз ба": Депутат Ермұрат Бапи отағасы туралы заң қабылдауды ұсынды (видео)

Мәжіліс отырысында әйелдер мен балалардың құқығын қорғау туралы заң жобасына қатысты сұрақ қою кезінде Ермұрат Бәпи әкелерге қатысты заң қабылдау бастамасын көтерді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: видеодан кадр

“Әкелерді бұл заңмен сүмірейтіп жіберген жоқпыз ба? Осы залдағылардың көбі "Әкең келсін, сазайыңды береді" деген тәрбиемен өстік қой. Осы тұрғыдан келгенде сіз қалай ойлайсыз? Ер азаматтың рөлін көтеру үшін бәлкім, Отағасы туралы заң қабылдауымыз керек шығар? – деп сұрады Бапи Сүлейменовадан.

Мәжіліс залындағы депутаттар қол шапалақтап, Ермұрат Бапиді қолдайтындарын білдірді. 

“Қол шапалаққа байланысты бұл – бүкіл елдің сұрағы ғой. Жалпы әкелердің рөлін, отбасындағы жауапкершілігін, ерекше орнын белгілейтін заң қажет болса, бірінші болып қабылдауға өзім де атсалысқым келеді”, – деді Сүлейменова. 

Бірақ Жұлдыз Сүлейменова бұл заңда әйелдер мен балалардың құқығын қорғау көзделгенін, Конституцияда ер мен әйел бөлінбейтінін айтты. 

“Конституцияда ер мен әйел бөлінбейді. Жаза күшейгеннен кейін жұдырық ала жүгірер алдында ойланар. Бұл құқықбұзушылықтың алдын алуды көздейді”, – деді.

Бұған дейін елімізде енді әйелін ауыр жағдайға жеткізіп ұрғандарды 8 жылға соттау туралы заңды мәжіліс мақұлдағанын жазған едік.

Талқылау