Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Депутат Берденов ақталып шықты: Сот букмекерлердің шағымында негіз жоқ деп тапты

Астананың азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соты Қазақстан букмекерлік кеңселер қауымдастығының депутат Берденовтің үстінен түсірген шағымын негізсіз деп тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: ruslan_berdenov Instagram-парақшасы

"Қазақстан букмекерлік кеңселер қауымдастығы" мәжілісмен Руслан Берденовті қазақстандықтардың букмекерге жұмсаған ақшасы туралы жалған ақпарат таратты деп сотқа берген еді. Депутат ДДСҰ лудоманияны ауру деп таныса да, букмекерлік компаниялар өз қызметтерін белсенді түрде жарнамалауын жалғастырып жүргенін сынады.

Берденов өз мәлімдемесінде ойын бизнесінің "адам капиталы мен отбасыларды құртып жатқанын" атап өтіп, елдегі ажырасулардың 38%-ы құмар ойындарға тәуелділіктен екенін айтқан. Сондай-ақ жүздеген мың мектеп оқушыларының құмар ойындар ойнайтынын келтірді.

“Сот Берденовтың сөзінде бірлестіктің іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтер жоқ деген қорытындыға келді. Сонымен қатар талап-арызда бірлестік пен оның мүшелеріне қатысты нақты фактілер көрсетілмеген. Филологиялық-психологиялық сараптама олар туралы теріс ақпарат болмағанын растады”, – делінген хабарламада.

Сот шешіміне сәйкес, бірлестік адвокат қызметі үшін депутатқа 300 мың теңге төлеуге тиіс.

Тараптар бұл шешімге әлі де шағым жасай алады.

Еске салсақ, бұған дейін қазақстандық букмекерлер депутат Руслан Берденовті сотқа бергені айтылды. 

Талқылау