Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Депутат Әлихан Смайыловты Назарбаев университетінің ақша жымқырғанын жасырды деп айыптады

Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов Назарбаев университетінде ондаған миллиард теңгенің ұрлығы жасырылғанын мәлімдеді. Ол бұған Жоғары аудиторлық палатаның басшысы Әлихан Смайыловты кінәлады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлады. 

Коллаж Stan.kz

Депутат бұл ақпаратты Facebook парақшасында жазды.

"Неге Смайылов басқаратын Жоғары аудиторлық палатасы Назарбаев университетіндегі 73 миллиардтың ұрланғаны туралы ақпаратты жасырып отыр?” — деп жазды депутат. 



Жоғары аудиторлық палата депутаттың мәлімдемесінен хабардар екенін айтты. Алайда олар депутатқа келесі апта ресми жауап беретінін айтқан. Сондай-ақ 73 миллиард теңге туралы әңгіменің бұрыннан айтылып келе жатқанын жеткізді. Фото: Facebook Мурат Абенов

Еске салайық, өткен жылдың желтоқсан айында Жоғары аудиторлық палата Назарбаев Университетінде 73 миллиард теңгенің тиімсіз жұмсалғанын анықтаған еді. Соңында палата университет мемлекеттік бюджет есебінен жұмыс істеп жатыр деген қорытындыға келген.

Сол күні Назарбаев Университеті палатаның айыптауларына жауап берді. Олар аудит нәтижесінде анықталған қаржылық бұзушылықтар студенттердің іссапарлары мен шәкіртақыларына төленгенін айтты. Университет барлық тәуекелдерді жойып, ақылы негізде оқитын студенттердің санын көбейтуге уәде берді.

Талқылау