Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Денсаулық сақтау вице-министрі Түркиядан Қазақстанға вирус келді деген ақпаратқа жауап берді

Қазақстанға Түркиядан Коксаки вирусы келді деген мәлімет жоқ, деп хабарлады ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева.

258295

Бұл туралы Sputnik хабарлайды.

“Коксаки вирусына келер болсақ, Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті еліміздің ішіндегі және шетелдегі инфекцияларға санитарлық-эпидемиологиялық шолу жасайды. Тиісінше, елімізге туристер мен мигранттар келген кезде, инфекцияны анықтау үшін қадағалау шаралары жүргізіледі. Қазақстанға Коксаки вирусының келгені туралы ақпарат жоқ, қосымша мәлімет хабарланатын болады”, — деді Ақтаева үкіметтегі брифингте.

Бұдан бұрын БАҚ Белектен бір апта бұрын келген қазақстандықтардың вирус жұқтырғаны туралы хабарлаған еді. Атап өтілгендей, екі балаға Коксаки вирусы жұққанын түрік дәрігерлері айтқан.

Тағы да оқыңыз:

Маса шаққан әйелдің аяғы мен қолын кесіп тастады

Ер адам ағасының қолын сөмкеге салып алып жүрген

Димаш Шанхайда Дәулеткерейдің күйін орындап, домбырасын жанкүйеріне сыйлады (видео)

Алматы облысында Toyota көлігі аударылып, екі адам көз жұмды

Талқылау