Денсаулық сақтау министрлігі тегін дәрі-дәрмекті қалай алуға болатынын айтты
Мемлекеттік тегін медициналық көмекпен қамтамасыз ету бағдарламасы аясында дәрі-дәрмекті ақысыз қалай алуға болатынын түсіндірді. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі Facebook парақшасында хабарлады.
“Амбулаториялық деңгейде тегін рецепт алу үшін науқас емханада тіркелген, диспансерлік есепте тұруы керек. Ал, ол туралы ақпарат тіркеу реестрінде болуы қажет”, – делінген министрліктің желісіндегі парақшасында.
Бұдан бұрын, 2018 жылы Астана емханаларындағы дәріханалардан тегін дәрі-дәрмек алуға болатыны хабарланған. Бұл қала дәріханаларындағы ұзын-сонар кезектен құтылуға мүмкіндік беруі тиіс.
Еске салайық, денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов тегін дәрілердің тізімі қысқарғаны туралы ақпаратты жоққа шығарған болатын.
“Керісінше, қайта дәрілер тізімін толықтырдық, әсіресе сирек дертке шалдыққан балалар үшін”, – деген болатын денсаулық сақтау минситрі.
2017 жылдың соңында Біртанов пациенттерге жеңілдікпен берілетін дәрілерді “Қазпошта” арқылы жеткізу жоспары туралы айтты.
Тағы оқыңыз:
Алматы тұрғындары автобустың аялдамаға қашан келетінін біле алатын болды
Ернар Айдар науқас жігітке сыйлық жасады (видео)
Балжан Бидаш “КешYou-дің қыздары бұзылған” деп сынағандарға жауап берді