Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Денсаулық министрі аурулардан ақша алуға үйреткен бас дәрігерге қатысты пікір білдірді

Жаңадан тағайындалған денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Алматыдағы медициналық мекемелердің бірінде болған даулы оқиғаға байланысты пікір білдірді.

photo_206416

Бұл туралы “Евразия” арнасы хабарлайды.

Ол “Ауруларды шыр айналдырып ақша жасау – жаңа бастама ма әлде жергілікті ниет пе?” деген сауалға жауап береді. Бұл Біртановтың қызметке келгелі бері беріп отырған алғашқы сұхбаты.

“Біз өз пікірімізді білдірдік, бұл таза қызметтік әдепке қайшы әрекет. Мүмкін мұның барлығы басшылардың басқарушылық қауіптерді дұрыс түсінбеуінен болып жатқан шығар”, – дейді министр.

Әлеуметтік желілерде белгісіз бір мекеменің бас дәрігері өз қызметкерлерін аурулардан ақша өндіруге мәжбүрлеп жатқаны көрініс тапқан еді.

36a0a16fe2d9de2b3b6a4587bacf8ee1

Кейінірек оны Алматы қаласындағы №7 клиникалық аурухананың бас дәрігері Әнуар Аманов екені белгілі болды.

Оқи отырыңыз:

Қызметкерлерін науқастарға жалған айтуға мәжбүрлеген бас дәрігердің кім екені анықталды

Діни басқарма құрсақ ана болудың шариғи үкімін айтты

Жемжемілдің көптеген емдік қасиеттерін білесіз бе?

Ғалымдар сәбилердің 5 айлығында ана тілін мәңгілік жадында сақтай алатынын анықтады

Талқылау