Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігіндегі аудит: Тексерістен кейін бірнеше лауазымды шенеунік жазаланды

Фото: Денсаулық сақтау министрлігі

Мемлекеттік аудиттен кейін Денсаулық сақтау министрлігінің және оған қарасты ұйымдардың лауазымды тұлғалары жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Жоғары аудиторлық палата денсаулық сақтау министрлігі мен оған қарасты ұйымдардың ауруханаларды дәрі-дәрмекпен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету бойынша жұмысын тексерген.

“Тексерісте анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктер негізінде жоғары аудиторлық палата тиісті лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тартуды тапсырды”, – делінген хабарламада. 

"1 трлн теңге жинақтан айырылып, қарызға батады": Медициналық сақтандыру қорына жасалған аудит нәтижесі жарияланды

Стоматологиялар арқылы БЖЗҚ-дан заңсыз ақша алған адамдар жазалана ма: Қаржылық мониторинг агенттігі жауап берді


Тексеріс нәтижесі бойынша бірнеше лауазымды тұлға түрлі тәртіптік жауапкершілікке тартылған:

- Денсаулық сақтау министрлігі Дәрі-дәрмек саясаты департаментінің директоры;

- Денсаулық сақтау министрлігі Фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіпті дамыту департаментінің директоры;

- Денсаулық сақтау министрлігі Ғылым және адами ресурстар департаменті директорының орынбасары;

- "Инфекцияға қарсы препараттардың ғылыми орталығының" директоры;

- "Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы" бас директорының орынбасары;

- "Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы" АҚ басқарма төрағасының орынбасары.

Сондай-ақ 2025 жылдың 3 шілдесіндегі бұйрықпен "СК-Фармация" ЖШС басқарма төрағасының өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. 

Еске салсақ, бұған дейін "СҚ-Фармацияға" қатысты бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғаны туралы жазған едік.

Дана Русланқызы
Бейсенбі, 06 Қараша, 2025 18:30
Талқылау