Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі тіс емдеу үшін зейнетақы жинақтарын алу ережелерін жаңартты

28 тамызда денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтарға емделу үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларына өзгерістер енгізуді талқылауға ұсынды. Қаулы жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Мәліметтерге сенсек, кез келген өтініш беруші немесе оның заңды өкілі ЭЦҚ арқылы уәкілетті оператордың интернет-ресурсында авторизацияланады және өзінің жеке кабинетін ашады. Онда әлеуметтік кодекстің 224-бабының 4-тармағына сәйкес соманы және пайдалану мақсатын көрсете отырып, өзінің ЭЦҚ-мен куәландырады. Сонымен қатар емделу үшін біржолғы зейнетақы төлеміне электрондық өтінішті толтырады. 

Ал емделуге біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану үшін өтініш беруші немесе оның заңды өкілі біржолғы зейнетақы төлемін жүзеге асыру үшін БЖЗҚ-дан қолжетімді міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарының сомасы туралы ақпаратты өз бетінше алады. 

Алушы жұбайының және жақын туыстарының біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдаланған жағдайда тараптар алушының жеке кабинетінде біржолғы зейнетақы төлемдерін басқаға беру туралы келісім жасасады. Олар некені немесе туыстық қатынастарды растайтын құжаттарды қоса беріле отырып, олардың ЭЦҚ-сымен куәландырылады. 

Сондай-ақ баласын емдеуге біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалануға жол беріледі. Қазақстандықтар стоматологиялық қызметтер алу үшін өтініш беруші құжаттарды қоса береді. Стоматологиялық қызметтер алу үшін:

  • ДКК құрамына емдеу жоспары;
  • Емдеуге дейін және кейінгі рентген-суреті;
  • Стоматологиялық ұйымның медициналық қызметке лизенциясын анықтайтын және сарапшы қорытындысын дайындайтын дәрігер-стоматолог кіреді. 

Медициналық ұйымның жауапты адамы өтініш берушіге немесе оның заңды өкіліне 026/е нысаны бойынша уәкілетті операторға ұсыну үшін дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытынды отырысы өткізілген күннен бастап 2 жұмыс күні ішінде қорытынды береді және оны медициналық ақпараттық жүйеге енгізеді.

Азамат ұсынған құжаттар біржолғы зейнетақы төлемдерінің нысаналы мақсатына сәйкес келген кезде уәкілетті оператор алушыдан құжаттарды алған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде біржолғы зейнетақы төлемдерін олардың нысаналы мақсаты бойынша аударады. 


  • Қазақстанда зейнетақы жинақтары есебінен тіс емдеуге шектеу қойылмайтын болды

"Стоматологиялық қызметтер көрсеткен кезде, стоматологиялық клиникада емдеуді бастамас бұрын, ДКК қорытындысын алғаннан кейін, өкілетті оператор емдеу құнының 70 пайыз мөлшерінде аванс төлейді. Қалған 30 пайыз емдеу аяқталғаннан кейін төленеді", – делінген "Ашық НҚА" порталында. 

Айта кетейік, емделу үшін біржолғы зейнетақы төлемдерінің нысаналы пайдаланылуын растайтын құжаттар керек. Олар:

  • бұйрықпен бекітілген 026/е нысанына сәйкес ДКК қорытындысы; 
  • медициналық ұйым мен алушы арасында жасалған медициналық қызметтер көрсету туралы шарт және (немесе) сатушы мен алушы арасындағы дәрілік заттарды сатып алу туралы шарт.

Жаңа ережелерді талқылау 2024 жылдың 12 қыркүйегіне дейін жалғасады және барлық мүдделі тұлғалар өз ұсыныстары мен ескертулерін айта алады.

Еске салайық, бұған дейін қазақстандықтар стоматологтар арқылы зейнетақының артық мөлшерін шешіп алғанын жазған едік. Банк ішкі тергеу жүргізілген бірқатар күдікті схемаларды белгілеп, кінәлілерді анықтау және оларды жауапқа тарту үшін құқық қорғау органдарына жүгінді. Отбасы банкі арқылы БЖТ көмегімен емделуге 435,1 миллиард теңге пайдаланылған. Оның 98%-ы стоматологиялық қызметтерге-тістерді протездеу және имплантациялауға алынған.

Талқылау