
Фото: Видеодан скрин
Әлеуметтік желіде және бірнеше БАҚ беттерінде қазақстандық медицина қызметкерлері науқасқа көмек көрсетпей көшеде қалдырды деген видео тарады. мәлімдейді. Алацда еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі бұл ақпараттың жалған екенін айтып, жоққа шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Роликке жүргізілген талдау көрсеткендей, видеодағы адамдар қазақстандық жедел жәрдем қызметкерлері емес:
- Киім үлгісінде ҚР-дағы жедел медициналық көмек бригадалары үшін міндетті мемлекеттік және ведомстволық белгілер жоқ;
- Киімнің түс гаммасы мен үлгісі Қазақстанда қолданылатын бірыңғай стандартқа сәйкес келмейді.
“Таратылған видеода авторлар қатысу әсерін күшейтетін және көрерменде жағымсыз эмоциялар тудыратын аудио жолақты мақсатты түрде салған. Мұндай техникаларды қолдану жағдайды бұрмаланған түрде қабылдауды қалыптастыруға және аудиторияға эмоциялық қысымды арттыруға бағытталған манипуляцияның әдістері болып табылады. Бұл роликтің ақпарат беру үшін емес, керісінше негативті күшейту және шұғыл қызметтерді дискредитациялау үшін жасалғанын қосымша растайды”, – деп мәлімдеді ведомство.
Бұл жағдай 2024 жылғы 11 наурызда Волгоградта болған. Ресейлік БАҚ-тары бұл оқиғаны толық баяндап, кінәлі тұлғалардың жауапкершілікке тартылғанын мәлімдеді.
“Сондықтан бұрынғы, әрі тергелген жағдайды Қазақстан қызметтерімен байланыстырмақ болған әрекет азаматтарды әдейі адастыру””, – деп хабарлады министрлік.
Денсаулық сақтау министрлігі паблик әкімшілерін және ақпараттық ресурстар авторларын ақпарат көздерін тексеруге, жарияламас бұрын растауға және мемлекеттік мен медициналық қызметтерге деген сенімге нұқсан келтіретін материалдарды таратпауға шақырды.