Денсаулық сақтау министрі ұшақта құтқарып қалған адам танымал журналист болып шықты

Денсаулық сақтау министрі ұшақта құтқарып қалған адам танымал журналист болып шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ұшақ бортында өзін жайсыз сезінген жолаушы 1,6 миллион оқырманы бар журналист Гүлмира Әбіқай екені белгілі болды.
Журналист апаттық шығу есігінің жанында эконом-класста отырған. Бір уақытта өзін нашар сезініп, есінен танып қалған. Есін жиса оған министр көмек беріп жатыр екен.
Қызығы, журналист сол күні Оқу-ағарту министрімен де кездескен екен. Мұны Гүлмира Әбіқайдың өзі желіде хабарлады.
Еске салсақ, бұған дейін желіде ұшақ бортында жолаушыға көмек көрсеткен денсаулық сақтау министрі Әлназарованың видеосы тараған еді.
Қазақстандағы ең ірі мәмілелер: "Қазақмыс" пен "Қазцинктің" жаңа қожайындары туралы не белгілі
Саясаттанушылар екі кәсіпкер мен олар жасаған мәмілеге қатысты пікір білдірді
Қазақстандық әйел декретке шыққандағы қателігі үшін мемлекетке ақшасының бір бөлігін қайтарған
Мадина: "Ол кезде екі түрлі заң жұмыс істеді, бәрін талапқа сай жасадым"