Денсаулық сақтау министрі елде эпидемиологиялық жағдай жақсарып келе жатқанын айтты

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова елдегі эпидемиологиялық жағдай жақсарып келе жатқанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
“Тұмау 15 пайызға төмендеп, бәсеңдеп келеді. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті қабылдаған шаралар нәтиже беріп жатыр. Қазір ауруханалардағы төсек-орындар шамамен 60% толған", – деді министр.
Министрдің айтуынша, көрсеткіштер оңалып, денсаулық сақтау жүйесі жүктемеге төтеп беріп жатыр.
Тұмаудың өршуіне байланысты Қазақстанда оқушыларды онлайн оқуға ауыстырып жатыр
Айта кетейік, бұған дейін осыған дейін дәрігерлер Қазақстанда ЖРВИ мен "Гонконг тұмауының" маусымы басталғанын хабарлаған еді. Кейін Денсаулық сақтау министрі Қазақстандағы тұмау мен ЖРВИ бойынша жағдай қашан жақсаратынын айтты.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"