Денис Тен жапониялық аниме-сериалдың кейіпкеріне айналды (видео)
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен жапониялық аниме-сериалдың кейіпкеріне айналды.
Бұл туралы vesti.kz хабарлайды.
“Қазақстандықтарды тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтаймын. Жапонияда мәнерлеп сырғанаушылар туралы Yuri On Ice деген аниме-сериал танымал болып келеді. Дәл осы мереке күнінде менің прототипім де экранға шықты”, – дейді спортшы.
Yuri On Ice сериалы 2016 жылдың қазан айынан бері TV Asahi, BS Asahi, STS және NCC телеарналарынан беріліп келеді.
Аниматорлар Денис Тенді көп сөйлемейтінін, сабырлы бар білгенін мұзда ғана көрсететін кейіпкер ретінде бейнелеп шығыпты. Ол сценарий бойынша әлем чемпионатында қола жүлде алып, Қазақстанның ұлттық батырына айналады.
Оқи отырыңыз:
Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының жаңа құрамы жарияланды
Криштиану Роналду төртінші мәрте “Алтын доп” иегері атанды
Футбол тарихындағы ең қитұрқы пенальти желі қолданушыларын таңғалдырды (видео)