Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Деңгейінің төмендігі": Мөлдір Мұқанова фильміне сын айтқан Бақыт Тұрманның әрекетін опасыздыққа теңеді

Мөлдір Мұқанова Бақыт Тұрманға жауап бердіФото: https://www.instagram.com/bakyt_turman / https://www.instagram.com/moldir.mt

Танымал продюсер, әнші Мөлдір Мұқанова өзінің жаңадан шыққан “Шай в большом городе” фильмін сынаған әзілкеш Қайрат Әділгерейдің жары Бақыт Тұрманға жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Продюсердің айтуынша, Қайрат Әділгерейдің атағын шығарған Тұрсынбек Қабатов пен “Әзіл әлемі” театры, ал оның әйелі айтқан пікірін опасыздық ретінде бағалауға болады.

“Кімді айтып отырғанымды біліп отырған шығарсыздар. Ол кісілер үйі, шаңырағы түгілі, кафеге апарып палау әпермеген адамдар. Мені сыйламай-ақ қойсын, Тұрсынбек Қабатовты сыйлауы керек. Себебі Тұрсынбек оның күйеуіне жұмыс берді, атын шығарды. Ол күйеуі тапқан табысын үйіне апарды, жаңағы сөйлеп отырған әйел мен оның балалары сол нанды жеді. Сонда қайтарымы осы сөз болғаны ма? Жеген тағамдары арам болып кетті ғой. Бір алланың қалауымен Қайрат Әділгерейді Тұрсынбек Қабатов пен “Әзіл әлемі” театры көтерді дегенге 100% қол-аяғымды көтеріп тұрып “иә” деп айта аламын. Ал оның әйелінің жасап отырған опасыздығы деңгейінің төмендігі. Ары қарай өзі білсін”, – деді ол

Оқиғаның мән-жайы

20 қарашадан бастап танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың бұрынғы әйелі әрі продюсер Мөлдір Мұқанова түсірген “Шәй в большом городе” фильмі қалың көрерменге жол тартқан еді. Алайда фильмді көрген қазақстандықтар өнер иесінің алғашқы туындысын сынға алды. Жобаны сынағандардың қатарында танымыл әзілкеш, актер Қайрат Әділгерейдің жары Бақыт Тұрман да болды.

Ол фильм продюсердің жақында шыққан сұхбатындағы әңгімелердің көрінісі екенін айтты. Сонымен қатар фильмнің актерлік құрамы әлсіз екенін алға тартты.

“Атышулы Мөлдір Мұқанованың сұхбатын көрген боларсыздар. Ал оның шығарған фильмі сол сұхбатта айтылған дүниенің көрінісі. Енді фильмнен өзімнің байқағанымды айтайын, біріншісі, актерлік құрам әлсіз. Фильмде киноға көп түспейтін, тіпті мүлде танымайтын адамдар жүр. Мүмкін олар Мөлдір ханымның құрбылары шығар, білмеймін. Бірақ актерлікке мүлде қатысы жоқ адамдар екені көрініп тұр. Астананың мен деген мықты әйелдері енді. Бір жағынан маркетинг шығар, бірақ бұл киноның сапасына әсер етті деп есептеймін. Тек Ақерке Арыс ғана рөлін сүйреп алып шыққан, оның өзі кәсіби актриса емес. Соның арқасында күлкілі сценалар шыққан. Ал жалпы юмор да, сатира да жоқ. Миллиардтап касса жинайтындай фильмнің идеясы әлсіз”, – деді ол.

Сондай-ақ Бақыт Тұрман фильмнің комтюмерінің жұмысын сынады.

“Мен байқаған тағы бір минус – костюмердің жұмысы. Фильмдегі образдар бөлек әңгіме. Мұндай киімдерді осыдан 10 жыл бұрын түсірілген фильмдерде киетін. Қазір ол заман өтті ғой. Фильмді заманауи деп есептейтін болсақ, киімдер мүлде әдемі емес, тіпті фильмді арзан көрсетеді десек артық емес.

Оның сөзінше, фильмнің дыбысталуы құлаққа түрпідей естілгін.

“Сосын фильмнің дыбысталуы құлаққа жағымсыз естілді. Мен актерлердің сөйлеу мәнерін айтпай-ақ қояйын, өйткені көбісі сахна тілін оқымағандар ғой. Жалпы дыбыстың сапасы төмен. Мысалы телефон жерге түссе, оның дауысы шығады ғой, ал фильмде жоқ. Кәсіби фильмде мұндайдың бәрі дыбысталуға тиіс. Басқа адамдар байқамаған шығар, бірақ менің байқағаным осы болды”, – деді ол.

Әнші Мөлдір Мұқанның жобасы миллиардап касса жинаған өзге де отандық фильмдерге бәсекелес бола да алмайтынын жеткізді.

“Әрине, фильмнің түсірілген еңбегі бар, оның жарыққа шыққанының өзі жетістік. Бірақ атышулы “Бизнес по казахски”, “Хотя бы в кино” секілді фильмдермен салыстыратын болсақ, “Шай в большом городе” тіпті бәсекелес бола алмайды”, – деді ол.

Желі қолданушыларының пікірі

Осы тұста әнші Бақыт Тұрманның пікірі желіде екіұдай пікір қалыптастырды. Қолданушылардың бір тобы өнер иесін қолдап, фильмнің шынымен де нашар түсірілгенін жазған. 

“Кім не десе о десін, өз басым Бақыт Тұрманның пікірмен келісемін. Жақсы етіп талдап, субъективті пікірін айтты. Шынымен, шикі түсіріп жұрттың уақытын да, ақшасын да алады. Осындай киноларға жай ғана қолдау үшін барасыздар ма? 1-2 аптадан кейін кинопоисктан атып шығатын арзан кинолар…Эстетикалық ләззат алып, іште кезім қалдыратын кино қараған дұрыс деп ойлаймын”, “Мен Мөлдір ханымды қолдап барып көріп келдім. Бірақ шындықты айту керек деп ойлаймын көрермен ретінде. Өте көп дүние күткен едім кинодан. Бірақ ұнамады мән мағынасы, нені түсіндіргісі келді дым түсінбей шықтым. Ішім пысып кетті қарап отырып. Өз пікірім маған ұнаған жоқ кино. Өте қатты күтіп едім қашан шығады деп, Бақыт ханым шындықты айтып отыр, ол кісіні осы жерде қолдаймын. Көп ақша салса салған шығар, бірақ актёрлық құрам шынымен дұрыс болмаған”, – деп жазған олар. 

Бақыт Тұрман пікірін қолдағандар тредсЕкінші топ оның әрекетін "Әйелдің жауы – әйел" деген мақалмен бағалады.

“Былай ғой, айдаладағы біз бен сіз сын айта аламыз, себебі құрбысы емеспіз. Бақыт Мөлдірмен бір дастарқанда тамақ ішіп, қатты жақын болмаса да араласатын адамдар, менің түсінуім бойынша. Киноға көрсетілімге де жақын адамдарын шақырады ғой. Ұнамады екен, Мөлдірдің өзіне айтсын. Сонша ауыр тимес еді деп ойлаймын. Кинода келіп алып, жұртқа не үшін айтады оны? Үндемесін, араласпай кетсін. Болды емес пе? Сонша қиындатып не керек? Сатқындық дейді мұндайды”, “Бақыт талай жыл ішінде жатқан бықсығын сыртқа шығарып отыр. Тағы бір видеосы шықты. Астарлап Мөлдірге тиісіп отр. “Қайратты көтерген Әзіл әлемі емес, Түнгі студия” деп. Бір кісілер сияқты емеспін, байымның жолын байламаймын”, – деп жазған ол.

Бақыт Тұрман сынағандар тредс

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандықтар Тұрсынбек Қабатовтың экс-әйелінің фильмін сынап тастағаны хабарланған еді. 

Еске салайық, продюсер Мөлдір Мұқанова әзілкеш Тұрсынбек Қабатовпен заңды түрде ажырасып кеткенін мәлімдеді. Оның сөзінше, 14 жыл бұрын әзілкештің көңілдесі пайда болған. Сондай-ақ продюсер Тұрсынбек Қабатов балаларын бұғаттап қойғанын айтты.

Продюсердің сұхбатынан кейін желі қолданушылары Тұрсынбек Қабатовқа бойкот жариялауға шақырды. Оған қоса, Желі қолданушылары Тұрсынбек Қабатовтың Instagram желісіндегі парақшасында түрлі пікір қалдырып жатыр.

Кейінірек Тұрсынбек Қабатов экс-әйелінің сұхбатына жауап берді.

Балнұр Жұмаділла
Сәрсенбі, 26 Қараша, 2025 16:20
Талқылау