
Фото: Ru.freepik.com
Қарағандыда әйел 4 жасар ұлын үйде қолын байлап жалғыз қалдырып кеткен. Салдарынан оның ата-ана болу құқығы шектелді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұрынғы ерлі-зайыптылардың ортақ некеден 4 жасар ұлы бар. Екеуі ажырасып, сот баланы анасының қарауында қалдырған. Ал әкесінен алимент өндіріп, қарым-қатынас тәртібін белгілеген.
Алайда баланың денесінен жарақат іздер табылып, сот шешімі қайта қаралды. Ұлымен кездескен әкесі баланың денесінен көгерген іздерді байқаған.
“Сараптама қорытындысына сәйкес, жарақаттар денсаулыққа жеңіл зиян ретінде бағаланды”, – деп хабарлады Жоғарғы сот.
Сот баланың қауіп-қатерлі жағдайға анасының қарауында болған кезінде түскенін анықтап, әкесі балаға қауіпсіз жағдай жасағанын мойындады.
Сондай-ақ балада психикалық және сөйлеу дамуының кешігуі, сөйлеу қабілетінің тежелуі, ЖРВИ, салмақ жетіспеушілігі және педагогикалық тұрғыдан қараусыз қалу белгілері анықталған. Кейін әкесі баланы анасы тұрған пәтерден алып, зорлық-зомбылыққа байланысты Балаларды қолдау орталығына орналастырғанын білген.
Әйел баланың қолын резеңкемен байлап, оны үйде жалғыз қалдырып кеткен. Көршілер баланың ұзақ уақыт жылап жатқанын естіп, кілт салатын саңылаудан баланыың қолы байланған күйде бөлмеде жүгіріп, жылап жүргенін көрген. Олар дереу шұғыл қызметтерді шақырып, дбыл қақты. Әкесі ұлын өз қолына алды. Қазір бала әкесінің жақындарымен, жақсы жағдай жасалған алты бөлмелі жеке үйде тұрып жатыр. Сот баланың жағдайының анасының қарауында болғанда нашарлап кеткенін анықтады.
Сот анасының тарапынан ешқандай қарсы дәлел ұсынылмағанын мәлімдеді.
Әйел 140-баптың 2-бөлігімен (Ата-аналық міндеттерін орындамау және кәмелетке толмағанға қатыгездік көрсету) кінәлі деп танылып, ата-ана болу құқығы шектелді. Сот үкімі заңды күшіне енді.
Кәмелетке толмағандардың ісі бойынша арнайы ауданаралық сот ананың баланы жалғыз, қолын байлап, қауіпті жағдайға қалдырғанын атап өтті.
Қамқорлық органдары баланың мүддесіне сәйкес қорытынды берді, содан кейін әкенің талаптары толық қанағаттандырылды. АнасыНЫҢ ата-аналық құқықтары шектелді, балА әкесімен бірге тұрады, анасы алимент төлейді. Енді әкесінен алимент өндірілмейді.
Апелляциялық коллегия шешімді өзгертусіз қалдырды.
“Ананың кінәлі әрекетінен (Ата-аналық міндеттерін орындамау және кәмелетке толмағанға қатыгездік көрсету) бала физикалық тұрғыдан зардап шекті”, – деп мәлімдеді судьялар.