Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Денесін күйік шалған қазақ қызына Кореяда пластикалық ота жасалатын болды

Ірі жол апатының құрбаны болған 23 жастағы Мадина Сәдуоваға Оңтүстік Кореяда пластикалық ота жасалатын болды. Бойжеткен қыркүйек айының басында жолға шықпақ.

куйәк шалган кыз 1508

Бұл туралы tvk-uko.kz хабарлады.

Бетін күйік шалған Мадина туралы ақпарат осыдан бір ай бұрын пайда болды. Осы аралықта кореялық косметологиялық компания әлеуметтік желіде сырт келбетін тартымды еткісі келетіндер арасында байқау ұйымдастырып жатты. Жүздеген өтініштің ішінен ұйымдастырушылар Мадинаға таңдау жасапты.

«Әділ-қазылар мүшелері бір ауыздан Мадинаға таңдау жасады. Оның құжаттары Оңтүстік Кореядағы клиникаға жіберіліп қойды. Бұл қиын жағдай, тіпті Кореяның өзінде көптеген емханалар Мадинаны емдеуден бас тартты. Күрделі отаға келісетін дәрігерді табу үшін біраз тыраштануымызға тура келді», – дейді корей косметологиялық орталығының директоры Жайнар Мұқатайқызы.

20170815165206

Орталық директоры бойжеткенге ұтыс сертификатын табыстау үшін арнайы Шымкентке келіпті.

Еске сала кетейік, Шардара ауданының тұрғыны Мадина Садуованың денесі 35% пайызға күйіп қалған. Физикалық тұрғыдан бөлек, Мадина бұл жол апатында психологиялық соққы алды. Себебі қайғылы оқиға оның сүйікті жарын қыршынынан қиды.

Ал Кореяда Мадинаға бір емес, үш операция жасалады. Бойжеткен бет-әлпетін қалыпқа келтіруге көмектесіп жатқан барша жандарға алғысын айтты.

Жіберіп алмаңыз:

Қазақ тілінде қызмет көрсетуді талап еткен Air Astana жолаушысына айыппұл салынған (видео)

Қазақстандағы алғашқы ұшқыш әйел жаңа қызметке тағайындалды

Белсенділер жүкті әйелдерге шылым шегуге заңмен тыйым салуды сұрады

Павлодарда әскери кафедра студенті ант қабылдау рәсімінде сүйіктісіне ұсыныс жасады

Талқылау