Дене бітімі мінсіз модель керемет пішінді ұстап тұру үшін неден аулақ болу керектігін айтты (фото)
Салауатты өмір салты туралы сөз қозғағанда, өзіңді қалыпты деңгейде ұстап тұру үшін не істеу керектігін айтып, кеңес беретін мамандар қаптап кетеді. Бірақ 22 жастағы модель және Мельбурндағы жеке жаттықтырушы Стефани Клэр Смит дене бітімін қалыпты деңгейде ұстап тұру үшін басқа тәсілдерді қолданады екен.
Ол дене бітімін қалыпты деңгейде ұстап тұру және дені сау болу үшін не істеу керектігі туралы кеңестерімен бөлісті.
«Әрқайсысымыз әр түрліміз. Сондықтан әркімнің істеуі керек нәрселері әртүрлі. Алайда, дене бітімін сақтау үшін неден аулақ болу керектігі туралы тізімдер бәрінде бір», – деді Стефани.
«Тамақтану уақытын ешқашан жіберіп алмаңыз. Біздің ағзамызға қалыпты жұмыс істеу үшін энергия керек. Сондықтан аштық дене бітімін сақтаудың жолы емес»,- деді бойжеткен.
«Егер сізде тым көп калория тұтынып қойдым деп алаңдасаңыз, азырақ тамақ алыңыз. Ағзаға ақуыз, жеміс-жидек, көкөніс, май және дәнді-дақылдардың дұрыс теңгерімі керек. Бірақ тамақтанудан ешқашан бас тартпаңыз»,-деп кеңес береді Стефани.
«Және өзгелерге ұқсауға тырыспаңыз, себебі әркімнің өз генетикасы бар. Бұрын мен өзімді үнемі өзгелермен салыстыратынмын, ал бұл маған көптеген қажетсіз қиындықтарды тудырды. Сіз өзіңізге сенімді болуға тиіссіз»,-дейді модель.
«Сондай-ақ, өзіңіз рахаттанатын нәрселерден, мысалы, түнгі уақытта гамбургер сатып алу болсын, жүрегіңіз қалайтын әрекеттерден тыйылудың қажеті жоқ»,- деді Стефани.
«Тағы не істемеу керек? Дене бітімін сақтап, диета ұстағаның үшін өзіңізді ерекшемін деп санауға болмайды. Арасында жаттығу жасап тұруды ұмытпағаның және қиындыққа мойымауды ұмытпаңыз»,- дейді модель.
«Сіз салауатты өмір салтын ұстануды бастағаннан кейін бірден артқа қайтар жол жоқ екенін түсінесіз. Басты маңсатыңызды ұмытпаңыз, оны миыңыздан шығармаңыз. Бұл сізге әсер етеді»,-дейді Стефани.
Оқи отырыңыз:
Жол полициясының қызметкері жаңбыр кезінде жұмысына жалаңаяқ шыққан (видео)
Адамзат үшін аса қауіпті әрі емі жоқ инфекция тіркелді
Бразилиялық бойжеткен жүкті екенін босану кезінде біліп, заң бұзған