Демалыс күндері ауа райы қандай болады
Синоптиктер 18-20 қаңтарда аяздың орнына аномальды жылы ауа райы күтілетіндігін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қазгидрометтің мәлімдеуінше, алдағы уақытта күн жылынады.
"Атланттан ауа массаларының ығысуына байланысты алдағы демалыс күндері Қазақстандағы жылы аномальді ауа райы сақталады. Ауа температурасы солтүстік жартысында климаттық нормадан 5…10°С-қа жоғары, оңтүстікте - нормаға жуық және одан 2...4°С-қа жоғары күтіледі. Республика арқылы өтетін атмосфералық фронттар солтүстік және шығыс облыстарында бұрқасынмен қар, оңтүстік облыстарында жылбысқы қар тудыратын болады. Күндізгі ауа температурасы 0, минус 8°С, оңтүстікте плюс 3…минус 5°С шамасында болғандықтан, Қазақстан аймағының басым бөлігінде көктайғақ және көру қашықтығы 500 м-ден төмен тұман сақталады", - деп мәлімдейді ауа райын болжайшылар.
Бұған қоса 18 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде бұрқасын, тұман күтіледігін жеткізді. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с дейін жетеді.
"Петропавл қаласында түнде 18 қаңтарда бұрқасын күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с. Дауылды ескертудің ықтималдылығы 90-95 %", - дейді синоптиктер