Дельфин жүкті әйелмен бірге кездейсоқ суретке түсіп қалды (фото)
Facebook әлеуметтік желісінде екіқабат әйелдің Атлант мұхиты жағалауында түскен фотосы танымалдылық жинауда. Бұған себеп, суретке байқаусызда секірген дельфиннің де түсіп қалуы. Сурет Флорида штатының Джексонвилле қаласында орналасқан WJXT4 америкалық тәуелсіз каналының парақшасында жарияланған.
Суретті Дэн Мозер есімді қолданушы салған. Ал суреттегі оның әйелі Анжелина екен. 15 сағаттың ішінде ерекше фото 46 мың «лайк» жинап үлгерген. Фото #Dolphinphotobomb хештегімен таратылған. Бұл хештегпен әлеуметтік желілерде делфинмен бірге түскен суреттерін жариялау 2014 жылдан басталған. Фейсбук пен Инстаграмда дәл осы хештег қойылған су жануарымен бірге түскен суреттер саны 100-ден асқан.
Талқылау