Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Дегенінен өлсе де қайтпайды": Димаш Құдайбергеннің әжесі немересінің мінезі туралы айтты

Димаш Құдайберген мінезі туралыФото: https://www.instagram.com/kudaibergenov.dimash

Әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайбергеннің әжесі Миуа Низамутдинова өнер иесінің мінезінің қандай екенін айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесінің әжесінің айтуынша, Димаш Құдайберген қайсар мінезді.

“Айтқанды тыңдайды, орындайды. Бірақ өз айтқанынан қайтпайтын қайсар мінезі бар. Ол істеймін десе, істейді”, – деді ол.

Бұл сөздерді әншінің өзі де мойындады.

“Кемшілігімді айтып берейін бе? Мінезім ауыр, қырсық, айтқанымнан өліп кетсем де қайтпаймын”, – деді ол.

Сондай-ақ Миуа Низамутдинова өнер иесінің әзілге жақын екенін айтты.

“Өзі ерке, еркін. Қабағыңа қарап отырады, сосын әзілқой. Ойнап отырып ойына келгенді айта береді. Мен адамдар түсінбей қалар деп жиі ескертемін. Көп әзілдейді, мінезі сондай. Мейірімді, қайырымды, жанындағы адамның бәріне көмектесіп жүреді”, – деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін әнші Димаш Құдайберген ақын Мұхтар Шахановтың үйіне арнайы барып, ұлы  Қуаныш Мұхтарұлының мезгілсіз өмірден өтуіне байланысты көңіл айтқаны хабарланған еді. 

Балнұр Жұмаділла
Бейсенбі, 04 Желтоқсан, 2025 12:16