"Дегендеріңе қол жеткіздіңдер, болды ма?": Қорғаныс министрі әскери шенділердің жұмысын сынға алды
Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов жеке құраммен жұмыс кезінде қателіктер жіберген генералдар мен әскери шенеуніктерге сөгіс жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Видеодан скрин
БАҚ беттерінде Руслан Жақсылықовтың генералдар мен әскери шенділердің жұмысын сынға алып, қызметінен босатқан видеосы тарады.
“Біз Беларуське айналып барамыз ба? Әлде жоғары лауазымға қол жеткізіп алған соң босаңсып қалдыңдар ма? Дегендеріңе қол жеткіздіңдер, болды ма? Бірінше кезекте, қоғам сендерден нені талап етеді? Жастардың өмірін сақтап қалу. Сендер алдымен қол астындағы адамдардың өміріне жауаптысыңдар. Олардың жұмыс істеуіне барлық жағдайды жасауларың керек”, – деп ескертті қорғаныс министрі.
- Қызмет барысында ауыр жараланып, 6 жыл бойы төсекке таңылған әскери қызметкер Тоқаевтан көмек сұрады
Руслан Жақсылықов Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары полковник Талғат Сыздықовтың лауазымын атқарып отырған қызметіне сай емес деп тапты. Сондай-ақ министр генерал-майор Нұртас Қабақовты Әуе қорғанысы күштерінің қолбасшысы қызметінен босату туралы өтініш беретінін айтты.
“Кешіріңіздер, бірақ мен сіздердің тарапыңыздан бақылаудың жоқтығын айтып, үнемі нұсқап отыруым керек пе”, – деді министр.
Бұған дейін Аягөзде офицердің денесі табылғаны туралы жазған едік.