ДДСҰ Уханьда коронавирустың пайда болуы туралы бір нұсқаны жоққа шығарды
Аралық байланыс арқылы жануардан адамға өту - бұл коронавирустың пайда болуының ең ықтимал гипотезасы. Бұл туралы ДДCҰ-ның Уханьдағы миссиясының басшысы мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Уханьдағы миссиясының қорытындысы бойынша арнайы брифинг өтті.
Миссия басшысы, ДДСҰ-ның зоонозды инфекциялар (жануарлардан адамға берілетін) және азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі сарапшысы Питер бен Эмбарек коронавирустың зертханадағы жағдайдан кейін пайда болғаны туралы нұсқаны "сенімсіз" екенін мәлімдеді.
"Біздің зерттеулеріміздің нәтижелері адамдар арасында вирустың пайда болуын түсіндіруде зертханалық оқиға туралы гипотезаның екіталай екенін көрсетеді. Сондықтан бұл гипотеза вирустың қайдан пайда болғанын зерттеу бойынша біздің әрі қарайғы жұмысымызда қолданылмайды", - деді ол.
"Мәйітін алып келуге 2 апта кетеді": Вьетнамға қызымен демалуға барған қазақстандық әйел көз жұмды
Турагенттіктің айтуынша, ертесі оған әйелдің қызы хабарласып, анасының көзін ашпай жатқанын айтқан
"Семіз екенімізді білеміз, айта берудің қажеті жоқ": Қазақстандықтар қоғамда толық адамдарға ашық қысым көрсетілетініне шағымданды
Алматылық: “Мә, қайда өсіп бара жатсың, дәу боп кеткенсің ғой” деу қаншалықты орынды?"