ДДСҰ-дан шығу, өлім жазасын қалпына келтіру: Трамп АҚШ-та бірқатар өзгерістер енгізді
Дональд Трамп АҚШ-тың дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан (ДДСҰ) шығуын талап ететін жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Getty Images
Трамп 2017 жылдан 2021 жылға дейін созылған бірінші мерзімінің соңында елді ДДСҰ-дан шығару процесін бастаған болатын. Алайда Джо Байден бұл шешімді өзгерткен.
Трамптың қызметке кіріскеннен кейін бірден ДДСҰ-дан шығу туралы бұйрыққа қол қойған.
“ДДСҰ біздің қайта қосылуымызды қатты қалаған еді, ары қарай не боларын көре жатармыз", – деді Трамп.
Трамп коронавирустық пандемия кезінде ДДСҰ "Қытайға бағытталған" саясат ұстанды деп мәлімдеген еді.
"Американың алтын ғасыры басталды": Трамптың президент ретінде алғаш сөйлеген сөзі
Трамп қол қойған бұйрықта Америка Құрама Штаттары "Ұйымның Уханьда туындаған Covid-19 пандемиясын және басқа да жаһандық денсаулық дағдарыстарын шеше алмауына байланысты ДДСҰ-дан шығып жатқаны айтылған.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілі Тарик Ясаревич АҚШ президентінің шешімін өзгертеді деген үмітін білдірді.
"Біз Америка Құрама Штаттары бұл шешімге қатысты тағы да ойланады деген үміттеміз. Біз американдықтарға, бүкіл әлемдегі адамдарға пайда әкелетін сындарлы диалог орнатқымыз келеді", – деді ол журналистерге.
Оған қоса Трамп федералды деңгейде өлім жазасын қалпына келтіру туралы жарлыққа қол қойды.
"Америка Құрама Штаттарының саясаты - өлім жазасына рұқсат беретін заңдардың сақталуын және толық орындалуын қамтамасыз ету және өлім жазасына кедергі келтіріп, заңға нұқсан келтіретін саясаткерлер мен судьяларға қарсы тұру", – делінген бұйрықта.
Бас прокурорға ауыр қылмыстар үшін өлім жазасын қолдануды талап ету тапсырылды.
Еске салсақ, осыған дейін Трамп кейбір елдерді баж салығын 100 пайызға дейін көтереміз деп қорқытқанын жазғанбыз.