Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Даяшы небәрі 37 цент тапсырыс үшін 500 доллар шәй-пұл алған

Кейси есімді даяшы жігіт Далластағы “Эплблис” атты кафеде жұмыс істейді. Оның айтуынша адамдарға қуаныш сыйлаудың өзі бақыт. Бірақ жуырда ғана ол өзі таңқаларлық оқиғаның кейіпкері болған.

16631465-12821512_1675893049295050_4607841585589685976_n-1471936322-650-5cc561c93e-1471947216

Кафеге әйел келіп, мәзірдегі ең арзан – 37 цент ғана тұратын тәтті суға тапсырыс береді. Тапсырысын алып, ішкеннен кейін жылдам ақшасын төлеп, шығып кетіп қалған. Ал бұл сәтте даяшы тіптен таң-тамаша қалған. Әлгі жомарт әйел 500 доллар шәй-пұл тастап кетіпті. Мұншама ақша тастайтындай қандай еңбек сіңірдім деп Кейсидің өзі түкке түсінбей қалады.

16631565-tip-for-waiter-large_transgAlh3uZqJyVpD0q9WHrSvp-zkj0twIsQLu_2rJ4CSRY-1471930318-650-5cc561c93e-1471947216

Әйел үстел үстіндегі сүрткішке мұндай қадамға не итермелегенін жазып кетіпті. Бірер күн бұрын Кейси супермаркетте егде әйелді кезіктіріп қалып, оған көмектесіп, тіпті азық-түлігінің ақшасын да төлеп береді. “Бұл шамамен 17 доллардай болды. Мәселе ақшада емес. Мен тек ол кісіні қуантқым келді”, – дейді жас жігіт.

16631265-applebees-2-1471932373-650-5cc561c93e-1471947216

Ол егде әйел кісі кафеге келген келіншектің анасы екен. Сол оқиға болған күні әкесінің өмірден қайтқан күні екен. Соны еске алып егде әйел, көз жасын тыя алмайды. Оған ешкім де назар аудармаған кезде, тек Кейси ғана көмек көрсетіп, жылы сөздерін айтқан.

“Анам үшін ең ауыр күн – ең тамаша күнге айналды. Сіз оның заттары үшін ақша төлеп беріп, оның ең көрікті әйел екенін айттыңыз. Әкем қайтыс болған соң ол ешқашан кешегідей болып күлмеген. Анам сізден көмек сұраған жоқ, бірақ сіз ерекше бақытты жан еттіңіз. Жан жылуын сыйладыңыз”, – деп жазып кеткен келіншек.

Талқылау