Давоста өткен кеңестің қол қою рәсімінде Тоқаев пен Трамптың не туралы сөйлескені белгілі болды

Давоста өткен Бейбітшілік кеңесінің жарғысына қол қою рәсімінде Тоқаев пен Трамптың не туралы сөйлескені белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Президенттің көмекшісі әрі баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Тоқаев пен Трамп арасындағы қысқаша әңгіменің мазмұнына қатысты сауалдарға жауап берді.
“Қасым-Жомарт Тоқаев Давос форумында таратылған “Президент Дональд Трамптың 365 күн ішіндегі 365 жеңісі” деп аталатын ресми құжаттың 177-тармағында Қазақстанның Ибраһим келісімдеріне қосылғаны жетістік ретінде көрсетілгеніне назар аударды. Бұдан бөлек, Президент Америка көшбасшысына ақыл-парасатқа негізделген ішкі саясатты жүзеге асыруда табыс тіледі”, – делінген жазбада.
Сондай-ақ Дональд Трамп Бейбітшілік кеңесін құру туралы бастамасына қолдау көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтқан.
Еске салсақ, бұған дейін Тоқаев Трамптың бастамасымен құрылған Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қойған еді. Жиында түсірілген видеодан Тоқаевтың қол қоймас бұрын Трампқа жақындап, бірнеше сөз айтқанын көруге болады.
"Жарыңа деген сенімсіздік немесе бала-шағаңмен далада қалу": Неке шартына қатысты қазақстандықтардың пікірі екіге жарылды
Неке шартында балалар кіммен қалатыны жазылмайды, оны тек сот шешеді