Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Давид Лория Қазақстан футбол федерациясының вице-президенті қызметіне тағайындалды

Давид ЛорияФото:Давид Лория/ҚФФ

Қазақстан футбол федерциясында кадрлық өзгерістер орын алуда. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Kommentator_Maulen телеграм арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Бірер күн бұрын бас хатшылықтан кеткен Давид Лория федерациясының вице-президенті қызметіне тағайындалды.

Ол бұл лауазымға ҚФФ президенті Марат Омаровтың арнайы бұйрығымен тағайындалып отыр.

Жаңа қызметінде Давид Лория ұлттық құрамалар департаменті мен бұқаралық футбол бағытына жетекшілік етеді.

Бұл қатарға балалар футболы, аймақтардағы футболды дамыту және grassroots жүйесін күшейту секілді маңызды бағыттар кіреді.


Қазақстанда киберфутболдан ұлттық құраманы іріктеу турнирі өтеді


Давид Лория Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы қызметінен босатылды


Айта кетейік, Давид Лория ҚФФ бас хатшы қызметінен онлайн дауыс беру арқылы босатылғаны хабарланған еді.

Ол бұл қызметке 2025 жылдың 2 сәуірінде сайланған.

Ақерке Өмірхан
Жұма, 20 Наурыз, 2026 13:39