Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дауылдан көз жұмған ардагердің өліміне шатырдың иесі кінәлі деп танылуы мүмкін

Өскеменде дауыл кезінде жерге ұшып түскен шатыр басып қалған ақсақал көз жұмды. Бұл туралы марқұм Шериаздан Исановтың туыстары мәлімдеді, деп хабарлайды КТК.

158fe9f4272a691006fc4257c454f83a_L (1)

 

Тыл ардагері кеше түнгі онның шамасында көз жұмған. Енді туыстары ақсақалдың өліміне желмен ұшқан шатырдың иесін кінәлауда.

“Мен өзім барып көрдім. Ұшқан шатыры бәрін жұлып әкеткен. Мұндай көзбояушылықты қалай жасағандарын білмеймін. Үлкен төбенің әрбір жерінен шегемен немесе бұрандамен жақсылап бекіту керек еді”, – дейді Исановтың немересі Әзиз Сәдуақасов.

Дауыл кезінде зардап шеккен ақсақал, көп қан жоғалтып ауыр хәлде аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілген еді. Өкінішке қарай, сексеннен асқан ақсақалдың жүрегі шыдас бермеген. Дәрігерлер де марқұмның сынған жері көп болғанын алға тартуда. Сондай-ақ, кеудесі де тілінген екен. Қазір қайғылы жағдайға қатысты туыстары құзырлы орындарға шағым түсірген. Сондықтан жергілікті прокуратура өкілдері шатырдың иесіне қатысты тексеруді бастағандарын жеткізді.

 

Талқылау