"Алланың көзқарасына қарсы шыққым келмейді": Дәурен Айдарқұлов түнімен ұйықтамайтынын айтты
Дәурен Айдарқұлов түні бойы ұйықтай алмай жүргенін айтады. Түрлі әдістерді жасап көргенімен, еш көмегі жоқ. Сондықтан түнде желіде отырады. Жазба жариялайды. Алайда адам баласы үшін түнде ұйықтаудың маңыздылығын ескертеді.
“Сағат түнгі 4 түн болды. Әдеттегідей (өкінішке қарай) мен ұйықтай алмай жатырмын. Мен әртүрлі әдістерді қолдандым: келесіге күнге дейін ұйықтамай көрдім. Күн сайын ұйықтар алдында мелатонин іштім; ұйықтар алдында әдеби кітаптар оқыдым, ұйықтар алдында серуендедім. Ұйықтар алдында қатты шаршадым.
Мектеп кезінен солай. Түнде бәрі ұйықтап жатқанда, мен түнгі тыныштықта үй тапсырмасын жасай бастаушы едім. Шығармашылық жұмыста барлық жақсы идеялар түнде келетін.
Енді ойлап отырмын, ақыры ұйықтай алмаймын, мүмкін түнде постарға мәтін жазармын. Күндіз мен мұны жасамаймын (белсенді инстаграм парақшасын жүргізу маған қызық емес). Бірақ түнде мен сізбен әртүрлі ой бөлісемін”, – деп жазды әзілкеш.
Актер Жаратушы түн адамзаттың ұйқыға батып, демалуы үшін жаратқанын айтып өтті. Сондықтан күндіз тіршілік етіп, түнде ұйқыға жатқан абзал деген пікірін жеткізді.
“Бірақ, қалай болғанда да, мен режимімді өзгертпеуім керек. Мен Хақ Тағаланың көзқарасына қарсы шықпаймын.
“Ол түнді сендерге демалу үшін, күндізді жарық ету үшін жаратқан. Расында, бұл жерде тыңдаушылар үшін белгілер бар. (ҚҰРАН 10:67)
Ол сен үшін түнді демалу үшін, күндіз тіршілік ету үшін жаратқан (ҚҰРАН 25:47). Түнде қалай ұйықтау туралы жақсы кеңестеріңіз болса, жазыңыздаршы”, – деп жазды Дәурен Айдарқұлов.
Желідегі оқырманы өз басынан өткен жайттарды айтып, кеңес беруде.
“100-ге дейін санасаңыз ұйықтап қаласыз?”, “Әлі ұйықтамағансыз ба?”, “Шаршасаңыз ұйықтап қалар едіңіз”, “Далаға шығып жүгіріп келіңіз”, “Дәрі ішіңіз”, “Өзіміздің ұйқымыз қанбай жүрсе біреулер ұйықтай алмай жүр”, “Ол бастағы уайымнан болады”, – деп жазды олар.