Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәурен Айдарқұлов келіншегімен бірге енді телехикаяға түспек

Жұмысқа кіріскен Ақбота Сейітмағамбет соңғы жаңалықтарын бөлісті. Әнші сүйіктісімен бірге телехикаяға түскелі жатыр екен.

_MG_9917_ze81

Бұл туралы “Гәкку” арнасына берген сұхбатында айтты.

Сәбиін босанған Ақбота Сейітмағамбет шығармашылығын қолға алды. Әнші жуырда жолдасы мен сәбиіне арнаған туындыларын жарыққа шығармақ. “Дәл қазір жаңа әндер жазып жатырмын. Айдың соңына қарай 2-3 әнім шығып қалады. Күз мезгілінде екі бейнебаян түсірмекпін. Бірінші әнім “Сезім қайда” деп аталады. Ал екінші әнім өзімнің балама арналады”, – дейді ол.

Мұнымен қатар, Дәурен Айдарқұлов екеуі телехикаяда ерлі-зайыптылардың рөлін сомдаулары мүмкін. “Жолдасым екеуіміз бір телехикаяға түсіп қалуларымыз мүмкін. Нақты қандай телехикая екені әзірге құпия”, – дейді әнші.


Жіберіп алмаңыз:

Айару Бақытбек “бес тонна бояу жағады” деп сөгетіндерге жауап берді

Ақбота Сейітмағамбет өзіне ренжіп жүрген продюсеріне жауап берді

Димаш MTV марапатын Айман Мұсаходжаеваға сыйлады

Танымал журналист Дана Нұржігіт тұрмысқа шықты (фото)

Талқылау