Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәурен Абаев телефондарды міндетті тіркеу туралы норманы түсіндірді

ҚР ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Facebook-тегі жеке парақшасында телефондардың IMEI-кодтарын тіркеу туралы сұрақтарға жауап берді.

809

Бұл туралы Baq.kz хабарлайды.

«Қымбатты достар, ұялы телефондардың IMEI-кодтарын тіркеу жөнінде бірқатар сұраққа жауап беріп, түсіндіре кетейін. Алдымен, біз тіркеу процедурасын әзірлеп жатқан жұмыс тобын құрдық. Мамырдың соңына дейін әзірленіп, азаматтарға ең оңай жолмен түсіндіріледі», – деп жазды Д.Абаев.

Екіншіден, оның айтуынша, министрлік тұрғылықты жер бойынша тіркеу тәжірибесін ескерген, сондықтан процедура барынша қарапайым болады, дүрлігу мен ұзын-сонар кезек қалыптаспайды.

«Үшіншіден, IMEI-кодтар базасын жасауда тиімді халықаралық тәжірибе, атап айтқанда, Ұлыбритания, Түркия, Әзірбайжан және өзге елдердің тәжірибесі ескеріледі. Төртіншіден, жүйені іске қосу телефон ұрлығын едәуір азайтуы тиіс. Өйткені жәбірленуші полицияға хабарлағаннан кейін, ұрланған телефон бұғатталып қалуы мүмкін. Яғни ұрланған телефон керек болмай қалады», – деп түсіндірді министр.

Бүгінде, ІІМ мәліметінше, елімізде жыл сайын 60 мыңға тарта телефон ұрланады, ал оның 5 пайызға жетер-жетпесі қайтарылады екен. «Оның үстіне, көп жағдайда ұрыларға балалар құрбан болып жатады. Енді бізде оларды қылмыскерлерден қорғайтын құрал болады», – деп түйіндеді ол.


Жіберіп алмаңыз:

Шымкенттік мүгедектер тегін берілетін қоларбалардың сапасыздығын айтады

Дәурен Абаев ұялы телефондардың IMEI-кодтарын тіркеу жайлы айтып берді

Қызметкерлерін науқастардан қалайда ақша алуға үйреткен бас дәрігер қызметінен кетті

Отбасын тастап кеткен әкесі өзін іздеп тапқан 14 жастағы қызын зорлап тастады

Талқылау