Даулы жекпе-жек: Қарсыласын нокдаунға түсірген қазақ боксшысына жеңісті бермеді

Абу-Дабиде (БАӘ) IBA ұйымдастыруымен өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының бір боксшысы жарыс жолынан шығып қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
80 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Ерасыл Жақпеков ресейлік Джамбулат Бижамовты жекпе-жек барысында нокдаунға түсірді.
Алайда соған қарамастан, төрешілер 4:1 есебімен жеңісті қарсыласына берді.
Нәтижесінде Ерасыл Жақпеков жарыс жолынан шығып қалды. Бұған дейін ұлттық команда өкілдері қатарынан 12 жекпе-жекте жеңіске жетіп, жоғары қарқын көрсеткен еді. Бұл жеңіліс – Қазақстан құрамасы үшін біріншіліктегі алғашқы сәтсіздік.
Сондай-ақ 92 келі салмақта өнер көрсеткен Нурмагамед Юсупов 1/8 финалда испаниялық Эммануэль Рейес Плаға 4:1 есебімен жол берді. Осылайша қазақстандық екі боксшы үшін әлем чемпионаты аяқталды.
"Бәрі бір сәтте мәнсіз болып қалды": Таяу Шығыста қиын жағдайға тап болған қазақстандықтар көргендерін айтып берді
Назгүл Тұрысбекованың сөзінше, олар құжаттарын ғана алып, қауіпсіз жерге шығуға мәжбүр болған
Ормуз бұғазының жабылуы, мұнай бағасының өсуі: Таяу Шығыстағы соғыс Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
Қаржыгер Айбар Олжайдың айтуынша, Ормуз бұғазы ұзақ мерзімге жабылмайды

