"Дәті жетпей жүр": Мөлдір Әуелбекова жеке өміріне қатысты жазба жариялады
Фото: Жеке парақшадан алынды
Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова жеке өмірінен сыр шертті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі өзін байқамай жүрген жігіттерге үндеу жасады.
"Тамыз… Дәл осы кезде, әдемі қызды байқамай жүрген, мүмкін дәті жетпей жүрген менің болашақ жарым бар шығар деп ойлаймын…" – деп бөлісті ол.
Желі қолданушылары Мөлдірдің жазбасына түрлі пікір қалдырды. Бірі қолдап, жылы лебізін білдірсе, енді бірі сынап тастады.
"Осы Мөлдір тек бай туралы жазады екен”, “Несі бар, жас, әдемі, жүрегінің жартысын табар", – деп пікір қалдырғандар болса, кейбірі "Тағы бай керек пе?", "Ертең балаларыңа тиіссе, тағы да бай іздейсің бе?", “Тезірек бақытыңды тап” деген сыни пікірлер жазды.
Еске салайық, әнші намаз оқитын экс-күйеуінен көп зардап шеккенін айтқан еді.
Kcell компаниясы қызметкерлеріне арналған жаңа жылдық корпоративке 160 миллионға жуық қаражат жұмсаған
1100 адамға кешкі ас қарастырылған: қымбат салаттар, әртүрлі ассорти, стейктер, жемістер мен десерттер қойылған
Қазақстан шоу-бизнесіндегі ең даулы сәттер: 2025 жыл қандай жайттармен есте қалды?
2025 жылы желіде талқыланған даулар