Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Дәстүр емес, қылмыс": Бас прокуратура қыз алып қашу жөнінде мәлімдеме жасады

қыз алып қашу

Фото: Belova14/drive2.ru

Бас прокуратура өкілдері некеге мәжбүрлеу адам құқығын өрескел бұзу екенін, таяуда Қылмыстық кодекстің жаңа 125-бабы тәжірбиеге енгізілетінін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бас прокуратура 2025 жылғы 16 шілдеде Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қылмыстық заңнаманы оңтайландыру-жетілдіру бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойғанын еске салып өтті.  Заң күшіне енгеннен кейін, Қылмыстық кодексте неке қиюға мәжбүрлегені үшін жаңа 125-1-бап тәжірибеге енгізіледі. Бұл бапта 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

"Неке қиюға мәжбүрлеу –  адамның өз еркінен тыс, қысым көрсету немесе зорлық-зомбылық арқылы некеге отырғызылуы. Бұл жағдай адам құқығын өрескел бұзу болып саналады. Неке екі адамның еркін және саналы келісімімен құрылуға тиіс. Келісімсіз қыз алып қашу дәстүр емес, қылмыс екенін ескертеміз", – делінген прокуратура хабарламасында.

Аида Тақабаева
Сәрсенбі, 30 Шілде, 2025 12:21
Талқылау
`