Дастан Сәтпаев жарақатынан кейін Бельгияға қарсы матчта алаңға шыға ма? — Бас бапкердің өзі жауап берді

Алматылық "Қайрат" клубы мен Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаев жақында алған жарақатынан кейін ұлттық команданың 15 қарашада Бельгияға қарсы өтетін ойынына қатыса ма деген сұраққа бас бапкер Талғат Байсуфинов жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бапкер футболшының қазіргі жағдайы туралы айтты.
“Дастан Сәтпаев менің баламдай ғой. Онымен өз баламдай сөйлестім. Оған қазір оқу-жаттығу жиындарына қатыс. Өзіңді сынап көр. Жарақатың сыр беріп , ауырса айт, жасыр ма дедім. Оның болашағы зор футболшы ғой. Барлығы нақты ертең белгілі болады”, – деді бас бапкер.
Айта кетейік, Қазақстанның Бельгиямен бұл ойыны әлем чемпионаты–2026 іріктеу кезеңіндегі ұлттық құраманың соңғы ойыны болмақ. Матч Астана аренада өтеді. Соңғы рет “Қазақстан” Бегьгиямен ойында 6:0 есебімен жеңілген еді.
"Бәрі бір сәтте мәнсіз болып қалды": Таяу Шығыста қиын жағдайға тап болған қазақстандықтар көргендерін айтып берді
Назгүл Тұрысбекованың сөзінше, олар құжаттарын ғана алып, қауіпсіз жерге шығуға мәжбүр болған
Ормуз бұғазының жабылуы, мұнай бағасының өсуі: Таяу Шығыстағы соғыс Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
Қаржыгер Айбар Олжайдың айтуынша, Ормуз бұғазы ұзақ мерзімге жабылмайды

