Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дастан Сәтпаев “Қайрат” – “Тобыл” матчына қатыспайды

Дастан СәтпаевФото:”Қайрат” фк

28 ақпан “Астана Аренада” “Қайрат” – “Тобыл” арасында матч өтеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Айтулы матч жаңа маусым аясындағы дәстүрлі Суперкубок ойынымен басталмақ. Қос команда үшін де бұл ойын маңызды болмақ.

Алматылық “Қайрат” Қазақстан Премьер-лигасының чемпионы, ал қостанайлық “Тобыл” ел кубогының иегері.

Алайда бұл тартысқа “Қайраттың” 17 жастағы жас шабуылшысы Дастан Сәтпаев  қатыспайды.
Дереккөздердің мәліметінше Дастана әлі де ем қабылдап жатыр.

Ол 2025 жылдың қараша айынан бері бірде-бір матчқа қатысқан жоқ.

Дастан Сәтпаев Чемпиондар лигасының соңғы екі ойыны “Брюгге”, “Арсеналдарға” қарсы матчтарға да алаңға шықпады.

Ақерке Өмірхан
Бейсенбі, 19 Ақпан, 2026 20:45