Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дастан Сәтпаев әлемдегі үздік 10 шабуылшының қатарына енді

футбол

Фото: ҚФФ

Алматылық “Қайрат” пен “Қазақстан” ұлттық құрамасының жас шабуылшысы Дастан Сәтпаев  21 жасқа дейінгі ең әлеуеті жоғары  шабуылшылардың әлемдік ТОП 10 қатарына кірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Аталмыш тізімді TransferRoom порталы жариялады.

Әлем бойынша болашағынан зор үміт күттіретін 21 жасқа дейінгі ТОП 10 ойыншы:

  1. Харалампос Костулас (Греция, 18 жас), "Брайтон” – 91,3
  2. Витор Роке (Бразилия, 20 жас), "Палмейрас" – 91,1
  3. Кристиан Кофане (Камерун, 18 жас), "Байер" – 90,0
  4. Кадер Мейте (Франция, 18 жас), "Ренн" – 89,8
  5. Эндрик (Бразилия, 19 жас), "Реал” – 89,7
  6. Кауа Элиас (Бразилия, 19 жас), "Шахтер” – 88,8
  7. Стефанос Цимас (Греция, 19 жас), "Брайтон" – 88,8
  8. Саму Агехова (Испания, 21 жас), "Порту" – 88,7
  9. Конрад Хардер (Норвегия, 20 жас), "Лейпциг" – 88,6
  10. Дастан Сатпаев (Қазақстан, 17 жас), "Қайрат" – 88,5

Айта кетейік, бұған дейін Дастан Сәтпаев әлемдік 5 үздік жас футболшылардың қатарына іліккен еді.

Бұл 17 жастағы қазақстандық шабуылшының болашағы жарқын екенінің айқын көрсеткіші. 
Ол 2025 жылы “Қайра” сапында Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде гол соқты.

Осылайша ол Чемпиондар лигасының тарихында гол соққан ең жас футболшылардың бірі атанды. Бұған қоса қараша айында ұлттық құрамада “Бельгия” қақпасынан саңылау тауып, кезекті рекорд жаңартты.

Дастан Сәтпаев әлемдегі алпауыт жас футболшылармен терезесі тең ойнайтын алатынының тағы бір дәлеліне айналды.

Ақерке Өмірхан
Сәрсенбі, 03 Желтоқсан, 2025 12:21