Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дастан Сәтпаев әлемдегі ең үздік жас ойыншылардың қатарына енді

Фото: Instagram d.satpayev

2 қаңтарда “Қайрат” футбол клубының қазақстандық шабуылшысы Дастан Сатпаев әлемдегі ең үздік жас футболшылардың қатарына енді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Sports.ru басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстандық ойыншы 18 жасқа дейінгі әлемнің үздік 25 футболшысының тізіміне кірген. Дастан Сатпаев рейтингте 16–22 орын аралығында орналасқан. Ресейлік спорт сарапшылары оны “өзге футбол дәуірінің өкілі" деп атады.

Скрин: sports.ru

Мамандардың пікірінше, Сәтпаев бір бойына бірнеше қасиетті тоғыстырған футболшы. Ол:


Дастан Сәтпаев министрлік тарапынан ерекше марапатқа ие болды


Үздік жас ойыншы Дастан Сәтпаев: 2025 жылғы ҚПЛ үздіктері анықталды


  • допты өз айып алаңынан қарсыласының айып алаңына алып бару;
  • дриблинг жасау;
  • 35 метр қашықтықтан соққы жасауға;
  • доп үшін соңына дейін күресуге қабілетті.

Sports.ru порталында оны былай сипаттайды:

“Сәтпаев өзге футбол дәуірінің өкілі. Дастан Сәтпаев бір бойына бәрін сыйдырған ойыншы. Ол өз айып алаңынан қарсылас қақпасына дейін допты алып шығу, қарсыласты алдап өту, 35 метр қашықтықтан соққы жасау, доп үшін аянбай арпалысу сынды істерді атқара алады. Сәтпаев жәй ғана рөл атқаратын емес, нағыз ойнай алатын көше футболшысы. Сондықтан да алаңда қолынан келгеннің бәрін жасайды. Футболдың біздің дәуіріміздегі батырлық елшісі іспетті. Әрине, жасы кіші ойыншыларға тән әлі де шикі тұстары бар. Кей сәтте бір қарқында тым көп әрекет жасайды. Алайда ол өз алдына дербес қалыптасқан талант. Сатпаев позиция мен ойын жүйесіне көп тәуелді емес футболшыдай әсер қалдырады. Оның соққысы әрдайым қауіп төндіреді. Ал қауіпті аймақтарға өз күшімен жетуді жақсы меңгерген”, – делінген жазбада. 

2025 жылдың басында Дастан Сәтпаевты лондондық Челси сатып алған. Тамыз айынан бастап ол клубтың негізгі ойыншысы атанады. Қазір футболшы алматылық "Қайрат" сапында өнер көрсетіп жүр.

Айта кетейік, Дастан Сәтпаев өткен маусымда “Қайрат” сапында 41 матч өткізіп, 19 мәрте гол соқты. Сонымен қатар 8 нәтижелі пас берген.

Жалпы 2025 жыл 17 жастағы Дастан Сәтпаев үшін ең табысты жылдардың бірі болды. Солардың бірнешеуіне тоқталсақ. Бұған дейін Дастан Сәтпаев әлемдік 5 үздік жас футболшылардың қатарына іліккен еді. Бұл қазақстандық шабуылшының болашағы жарқын екенінің айқын көрсеткіші. 

Ол 2025 жылы “Қайрат” сапында Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде гол соқты. Осылайша ол Чемпиондар лигасының тарихында гол соққан ең жас футболшылардың бірі атанды. Бұған қоса қараша айында ұлттық құрамада “Бельгия” қақпасынан саңылау тауып, кезекті рекорд жаңартты. Дастан Сәтпаев әлемдегі алпауыт жас футболшылармен терезесі тең ойнай алатынын тағы бір дәлелдеді.

Жұмаділлә Нұрила
Сенбі, 03 Қаңтар, 2026 09:30