Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дастан Оразбеков іштегі жанайқайынан қалай арылатынын айтты (фото)

Дастан Оразбеков таулар туралы жазбасын бөлісті. Желі қолданушылары аталған жазбаның астарында не жатқанын толық түсіне алмады.

0эхъ

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Дастан Оразбеков желі арқылы кезекті жазбасын бөлісті. Бұл жазба желі қолданушыларына түрлі ой салды. Бірі түсінбей әлек болса, екіншілері өзінің әншінің жақтасы екенін білдіріп жатты.

“Таулар маған көп нәрсені үйретті. Етегінде күнде көріп жүрсең, асқар шыңның да биіктігі байқалмайды екен. Ал кейбір таулар алыстан биік болып көрінгенмен, жақындап барсаң аласа болып шығады. Сондай-ақ, тау биік болған сайын, басына бұлт үйір болатыны бар…” – дейді Дастан Оразбеков.

Тыңдармандары әнші осылай ішіндегі жанайқайынан арылып жүр деп болжады. “Терең мағыналы сөздер екен”, “Осылайша тауға барып айқайлап, бір ішімдегіні шығарсам ғой”, “Керемет сөздер. Жаным сол”, “Дұрыс айтасыз”, “Әдемі сурет”, “Әдемі көрініс”, “Дастан аға, балапандарыңыз көп болсын” деп жазады желі қолданушылары.


Жіберіп алмаңыз:

Ыстанбұлда қол ұстасып жүрген Төреғалидің ата-анасы желі оқырмандарын қызықтырды (видео)

Баян Есентаеваның жаңа сүйіктісінің екі ересек баласы бар (фото)

Аша Матай жаңа істі қолға алды

Әнуар Нұрпейісов Whatsapp пен Instagram-да уақытын босқа өткізетін жастарды сынап тастады (фото)

Талқылау