Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дастан Оразбеков босану кезінде әйеліне серіктес болатынын айтты

Екінші рет әке атануға дайындалып жүрген Дастан Оразбеков бұл күндері жан-жарының айтқанын екі етпей, орындауға тырысып жүр. Алайда тұңғышы Алдиярдан кейін 13 жыл дегенде аяғы ауырлаған Жанат ханым күйеуін әбігерге салмайтын көрінеді.

Бұл туралы Дастан мен Жанат Оразбековтер 31 арнаның «Айта берсін» бағдарламасында айтты, деп жазады Stan.kz.

Оразбеков үлкен ұлының аға болуға дайындалып жүргенін сөз етті.

«Ұлымыз бүкіл ойыншықтарын ешкімге бермей, аға болуға дайындалып жүр», – деп бастады сөзін Жанат Оразбекова.

«Біздің баламыздың пысықтығы сонша, ол ертең өзінің інісін қалай жұмсайтынын уайымдап жүр. Сондықтан да қызғаныш жоқ. Ол ертең қалай жұмсап, өзіне жеңілдік жасап алатынын немесе еркелететінін ойлап жүр. Тыс қалып қаламын-ау деп уайымдаған баламыз жоқ. Керісінше қуануда. «Қарындас болып қалса қайтесің?» десек: «Қарсы емеспін, әрине, еркелетемін. Бірақ іні болғаны дұрыс. Өйткені мен оны жұмсаймын», – дейді», – деп күлді Дастан Оразбеков.

Бір қызығы, тұңғышының дүниеге келу процессіне қатысқан әнші бұл жолы да серіктесе босануға қатыспақ ниетте.

«Әрине, ол менің жанашырлығым, қасында болғаным, қолдағаным. Келіншегім қарсы болмаса, мен қарсы емеспін. Өйткені ең қиын әрі ең қуанышты сәтте бір-біріміздің қасымыздан табылсақ, онда тұрған ештеңе жоқ деп ойлаймын», – деп түсіндірді Дастан.

Жіберіп алмаңыз:

Танымал нумеролог Димаштың қашан үйленетінін айтты

Қайрат Нұртас: Жұлдызды көрсеткен соң, елдің бәрі әйелдерін көрсете бастады (фото)

Төреғали Төреәлі қанша баланың әкесі екенін айтты

Аша Матай: Қайрат пен Жұлдыздың бір-біріне деген махаббаты ыстық екен

Талқылау