Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дастан Оразбеков: Астанаға көшіп келсем деген ниетім бар

Дастан Оразбеков соңғы жаңалықтарын бөлісіп, алдағы уақытта елордаға көшіп келуді жоспарлап жүргенін айтты. Әнші көптен бері Астанада жүрсе де, ЭКСПО-ға кіру үшін жұбайының келуін күтпек.

17662867_205454353275729_9131197254089048064_n

Бұл туралы “Таңшолпан” бағдарламасында айтылды.

“Астанада жүрсем де, ЭКСПО-ға барған жоқпын. Жұбайымды күтіп жүрмін. Екеуіміздің ойластырған кішігірім жоспарымыз бар еді. Барлығын келген соң аралайтын боламыз. Тыңдармандарыма арнап жаңа ән жаздырдым. Бірақ, ол туралы толық айтпауды жөн көріп отырмын. Құпия болып қала бергені дұрыс. Құдай қаласа, 13 тамыз күні “Гәкку” арнасы Астана қаласында үлкен концерт қояды. Соған міндетті түрде атсалысатын боламын”, – дейді әнші.

Әнші жуырда Астана қаласына көшіп келуі мүмкін екенін айтты. Мұнымен қатар, тіл-көз тию мәселесіне қалай қарайтынын сөз етті.

“Жазғы демалысымда жұмыс істеп жатқаным рас. 20 күннен бері Астана қаласында жүрмін. Негізі елордамызға көшіп келсем бе деген ниетім бар. Әрине, келсем, отбасыммен бірге келемін. Әйтпесе, жұбайым екеуіміздің махаббатымыз қайда қалады?! Көз тию деген нәрсені атамыз бізге айтқандықтан, біз ол туралы балаларымызға айтуымыз керек. Бұдан біреу жаман болады деп ойламаймын. Жалпы осы нәрсеге қатты сенетін және мүлдем сенбейтін адамдар бар. Күн сайын өзіме “Мен қандай әкемін?” деген сауал қоямын. Бір кездері өзімді қатал әке болатын шығармын деп ойлайтынмын. Бірақ, уақыт өте келе қалауларымыз өзгереді екен. Мен ұлыммен шынайы сезіммен сөйлескім келеді. Қазір ұлыммен құрдастардай сырласамыз”, – дейді ол.


Жіберіп алмаңыз:

Францияда асшаян жеген Салтанат Бақаева жұрттың жиіркенішін туғызды (видео)

Ерке “Қайда?” клипіне айнытпай пародия түсірген бүлдіршінге 100 мың теңге сыйламақ (видео)

Вирусты инфекция жұқтырып алған Ахмадиеваның түр-келбеті тыңдармандарын шошытты

Қарақат сәбиінің кімге ұқсайтынын айтып, есімінің мағынасын түсіндірді (видео)

Талқылау