Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері: "Дәрігерлер температурамен жұмыс істеуге келді"
Алматылық дәрігерлер бірнеше күн бойы коронавирус симптомдарымен жұмыс істеуге келген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау және қауіпсіздік бөлімінің басшысы Айзат Молдағасимова мәлімдеді.
Онлайн-брифингте Молдағасимоваға коронавирусты жұқтырған медициналық персонал қауіпсіздік ережелерін сақтады ма деген сұрақ қойылды.
"Науқастардың айтуынша, оларға коронавирус диагнозы қойылмай тұрып, оларда аурудың белгілері болған. Осыған қарамастан олар бірнеше күн бойы жұмыс істеген. Олар дене қызуын түсіретін препараттарды ішіп, жағдайларына алаңдамаған. Бәріміз адамбыз ғой, бұл инфекция бізді айналып өтеді, бізге әсер етпейді деп үміттенеміз. Мүмкін бұл оның таралуына ықпал еткен болар", - деді Молдағасимова.
Бөлім басшысы эпидемиологиялық тергеуді аяқтау үшін кем дегенде бір күн қажет екенін айтты.
"Олардың жеке қорғаныс құралдары жетіспейтіндігін тексеру үшін біз толық есептеуді жүргізуіміз керек: қанша сатып алынды, палатада қанша болды, шығындар, өзгеріске ұшырады ма және тағы басқалар. Сонымен қатар, нәтижелер белгілі болған кезде мәлімдеме жасаймыз", - деп сендірді Айзат Молдағасимова.
Молдағасимова сонымен қатар Алматыда балалар жұқпалы аурулар ауруханасы карантинге жабылғанын айтты.