Дәрігерлер педофилден зорлық көрген 8 жасар қыздың жағдайы туралы айтты
Алматы клиникалық ауруханасының директоры Ролан Нұрбаев 8 жасар қыздың жағдайы туралы айтып берді.
Бұл туралы Tеngrinews басылымы хабарлайды.
Нұрбаевтың айтуынша, бас миы жарақаттанып, миы шайқалған және көзінің алмасына зақым келген. Дәл қазір бүлдіршінге психологиялық көмек көрсетіліп жатыр. Мұнымен қатар, ол педофилдің қызды зорлап үлгермегенін айтты. Қыздың барлық мүшесі өз қалпында.
Естеріңізге сала кетсек, Алматы облысы Түрген ауылында 14 сәуір күні белгісіз азамат 8 жасар қызға шабуыл жасаған болатын.
Жіберіп алмаңыз:
Педофилден зорлық көрген қыздың әкесі: Тергеуді өзім жүргіземін
Талқылау