Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәрігерлер өлі деп тапқан ер адам мәйітханада тіріліп кетті

Ер адамды мас күйінде мәйітханаға жіберген. Ол мәйітханада оянып, есін жиды.

Оқиға Польшаның Семяновице-Слёнск қаласында болды. Ер адам кештен қайтып келе жатып есінен танып құлайды. Көшеден өткендердің бірі жедел жәрдем шақырады. Дәрігерлер оны өлі деп мәйітханаға жібереді.

Ер адамның тірі екенін мәйітхананың күзетшісі байқап қалды. Ол суық камера ішінен дауыс шыққанын аңғарады. Жәшікті шығарғанда өлі деген адамның тіріліп кеткенін көреді. Ол қатты жаурағаннан жылына алмай, көрпе сұраған.

Ер адам дәрігерлердің айтқанын тыңдамай такси ұстап, үйіне кетпек болады. Алайда ол ойынан да айнып, қайта тірілгенін атап өту үшін кешке қетеді.

Ер адамды қателікпен өлі деп таныған дәрігерге қатысты тергеу басталды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау