Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәрігерлер құлдықтан құтылған жігіттің аяғын кесуге мәжбүр болды

Ертай Қалтұрсынов қаңтардың 6-сы күні із-түссіз жоғалып кетеді. Артынша араға 17 күн салып табылады. Тепсе темір үзетін азаматтың денсаулығы сыр беріп, дәрігерлер оның аяғын кесуге мәжбүр болды. Бұған құлдықта жүріп аяғының үсініп қалуы себеп болған екен.

жзх

Бұл туралы «Айтуға оңай» бағдарламасында айтылды.

Азамат қаңтардың 6–сы күні із-түссіз жоғалып кетеді. Түсте ауыл арасында жүрген жігітті белгісіз біреулер күштеп көлікке мінгізіп алып кеткен. Ертайдың әке-шешесі мен туған-туыстары қанша жанталасып іздесе де таба алмады. Тіпті полициядан да қайран болмады. Тек екі аптадан кейін ғана өлім мен өмір арасында жатқан Ертайды бейтаныс біреу үйіне алып келеді.

«Біз Өзбекстанда тұратынбыз. 2011 жылдың желтоқсан айында Қазақстанға көшіп келдім. Осы жерде бір жиеніміз бар болатын. Сол «Бір немереңді беріп тұр. Біз оған қарайласармыз» деді. Сұрағаннан кейін бердім. Араға 5-6 ай салып әлгі баланың анасы қайтыс болды. Осы тұста жиенім «Мен осы баланы үйлендіріп, жайын ретке келтірейін. Сізге көмегім осы болсын» деді. Биыл көктемде ол баланы үйлендірді. Қазір келіннің аяғы ауыр. 7 қаңтар күні баланың жоғалып кеткені туралы хабар келді. Өзім Өзбекстанда тұрсам да, арасында келіп жүргенім бар. 23 қаңтар күні шыдамай Қазақстанға келдім. Ертай мен келген күні табылған. Дәрігерге емдетіп, аяқ-басын жуып қарап жатыр екен. Екі тәжік бала көлікке қарай шақырған. Бұл бармаған соң, артынан қуып жүріп көлікке отырғызған», – дейді Ертайдың әжесі Райхан Әбдәлиева.

Ал әпкесі Рано ханым полицияның бұзақыларды ұстауға еш көмектеспегенін айтып налыды. Ертай, тіпті, тәртіп сақшыларына өзін жәбірлеген адамдарды көрсетіп берген-ді.

«23 қаңтар күні бұл ауруханаға түсіп, сол жерге полиция шақыртты. Олар баланы алып әлгі ұрлағандардың қорасына барды. Ертай өзін ұрған балаларды көрсеткен. Әлгі адамдар «танымаймыз» деп құтылып кетіпті. Баланы қайтадан ауруханаға жатқызуымызға тура келді. Арасында полиция бөлімшесіне барып әлгілердің ұсталып-ұсталмағаны туралы қайта-қайта сұрадық. Олар тәжіктердің бұл іске қатысы жоқ екенін айтып бетімізді қайтарды. Бірақ, бала өзін күштеп апарған 7-8 шақырым жердегі қораны жақсы біледі емес пе?! Өстіп жүріп баланы Шымкенттегі ауруханаға алып келдік.  Олар аяғынан суық өткенін айтып, екі аяғын кесіп тастады. Қазір Ертай тек отырады», – дейді Рано ханым.

Осы орайда, қазақстандық заңгер жоғалған адамдарды іздейтін орталық ашылуы керектігін алға тартты.

«Қазір Ресейде осы жоғалған адамдарды іздейтін ұлттық орталық құру керек деген мәселе көтеріліп жатыр. Оның ішінде балаларды. Бізде қазір экономикалық қылмыспен, жемқорлықпен және қаржымен күрес деген басқармалар бар. Олар өздерінің жұмыстарын жақсы атқарады. Егер жоғалған адамдарды іздейтін бір басқарма, бөлімше құратын болсақ, олардың біразы табылатынына мен еш күмәнданбаймын», – дейді ол.

Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.


Жіберіп алмаңыз:

Құжатын жоғалтқан қазақстандық отбасы балаларын мектепке оқыта алмай жүр

Қазақстанда туған ұлы 60 жастағы әкесіне тоқал алып берген

Ақтөбелік келіншек күйеуіне өзі тоқал іздеп жүр

Ақтөбелік әйел күйеуінің опасыздығына көз жұмған құрбысына ашуланды

Талқылау