Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәрігерлер кеудесін бамбук тесіп өтуге шақ қалған азаматты құтқарып қалды

Автобус жүргізушісі Лакшми Канта Буния Үндістанның Дигха аймағында бамбук таяқшаларын тасымалдап келе жатқан жүк көлігімен соқтығысады. Жол көлік оқиғасы болған сәтте Лакшмидің сол жақ кеудесіне 99,44 сантиметрлік бамбук ағашы кіріп кетеді. Ол жедел ауруханаға жеткізіліп, оны 12 адамнан құралған мамандар командасы аман алып қалады.

индус

Бұл туралы Daily Mail басылымы хабарлайды.

Шығыс Үндістанның Дигха аймағында жол көлік оқиғасы болып, автобус пен жүк көлік соқтығысады. Осы сәтте автобустың рөлінде отырған Лакшмидің жүрек тұсына ұзындығы 99,44 см болатын бамбук таяқшасы келіп қадалады. Бірден жедел жәрдем шақыртылып, хирург, медбике, фельдшер сынды мамандардан құралған 12 адамдық команда оның өмірі үшін күреседі.

Үш сағатқа созылған ота жергілікті наркоздың көмегімен жасалады. Яғни наркоз оның денесінің белгілі бір бөлігіне ғана егілген. Ал Лакшмидің өзі отаның басынан бастап, аяғына дейін ояу болған. Дәл қазір ол ауруханада қосымша ем-дом шараларын алып жатыр. Дәрігерлер оның таңғажайыптың арқасында аман алып қалды десек те болады. Себебі, бамбук таяқшасы оның денесін тесіп өтуге шақ қалған.


Жіберіп алмаңыз:

Астанада автобус жүргізушілерінің төбелесі жолаушылардың жағасын ұстатты

Көлік жүргізушісінің темекі шегуіне тыйым салынуы мүмкін

Австралияда көлік жүргізушісі рульдің орнына таба орнатып алған

Ән салатын ақтаулық такси жүргізушісі желідегі қолданушыларды тебірентті (видео)

Талқылау