Дәрігерлер қажетсіз анализ бен медициналық тексеру түрлерін атады
Көптеген мамандар бұл танымал медициналық тексерулердің еш қажеті жоқ екенін айтады. Олар қате нәтиже көрсетіп қана қоймай, денсаулығыңызға кері әсерін тигізуі мүмкін.
Бұл туралы Eg.ru басылымы жазды.
1. ТЭЭ – трансэзофагеалды эхокардиография
Мэриленд университеті аясында құрылған медицина мектебінің мамандарының пікірінше, аталған тексеру түрі адамның денсаулығы үшін өте қауіпті. Жүрек пен қан тамырларының жұмысын тексеру үшін датчикті асқазан арқылы жібереді екен. Осыған орай, мамандар аталған тексеруден өткен 2 000 адамды бақылап, оның еш пайдасы жоқ деген нәтиже шығарып отыр.
2. КТ — компьютерлік томография
Дәрігерлер бұл тексеру түрін нәтижесі бар болатынына сенімсіз болса да тағайындайды. Көп жағдайда респираторлық аурулар кезінде тағайындалады. Мэриленд ғалымдарының зерттеуіне сәйкес, томографияның кей жағдайда қате нәтиже көрсетуі мүмкін екені анықталды. Оның үстіне, радиация да адамның денсаулығына үлкен кері әсерін тигізеді. Бұл әдіс кардиология, неврология және онкология саласында пайдасы бар екені рас. Ядролық медицина мен молекулярлық визуализация америкалық қоғамының мамандары томография көмегімен қатерлі ісік жасушаларын анықтау мүмкін емес екенін жеткізді.
3. КТ-ангиопульмонография
Бұл тексерудің басты мақсаты – өкпе артериясы тығындалуын анықтау. Тексеру барысында компьютерлік томография тағайындалады. Медицина мамандары радиация алмау мақсатында өзге тәсілдердің көмегіне жүгінген дұрыс екенін айтады.
4. Дисбактериоз анализі
Әлемдік медицина дисбактериозды қауіпті аурулар қатарына жатқызбайды. Оны көбінесе Ресей мамандары емдейді Дәрігерлер ағзадағы “пайдалы” бактериялардың санын анықтаудың еш қажеті жоқ екенін айтады. Ішекке 15-20 шақты ғана бактерия түсетіндіктен, дисбактериоз анализінің нәтижесі дұрыс болмауы мүмкін. Әдетте бұл анализ түрі ішек микрофлорасы үнемі өзгеріп отыратын балаларға тағайындалады. Осы анализді ертесі күні қайталасаңыз, мүлдем басқа нәтиже көрсетуі мүмкін. Мұндайда нақты не нәрсені емдеу керектігін анықтау мүмкін емес.
5. Иммундық статусты анықтау мақсатындағы қан анализі
Бұл қымбат анализ түрін коммерциялық ауруханаларда тағайындайды. Бірақ, не себепті жиі жөтелетініңізді, иммунитетіңіздің қаншалықты ауруға төтеп бере білетінін анықтау үшін тағайындаудың қажеті жоқ. Адам жасына байланысты иммуноглобулин деңгейі өзгеріп отырады. Сол себепті, дәрігерлер оның нәтижесін дұрыс анықтай алмайды.
Жіберіп алмаңыз:
Белдегі майдан арылғыңыз келсе, мына қоспаны тұтыныңыз
Нью-Йорк косметологы үй жағдайында безеуді дұрыс сығудың жолын ұсынды
Бастың екіжүзділік салдарынан ауыратынын білесіз бе?
Ғалымдар иттің ракпен ауыратын адамды жазбай танитынын дәлелдеді