Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Күн жылығанда таралатын ішек инфекциясынан қалай сақтану керек?

Жедел ішек инфекциясы (ЖІИ) көбінесе күн  жылығанда, жаз кезінде кездесетін ауру.

zkt_s

Бұл  ауруға  балалар  жиі  шалдығады.  Балалар  мен  жасөспірімдер  арасында  ішек инфекциясының  таралуы  көптеп  кездеседі.

Жедел ішек инфекциясы жеке бас гигиенасын сақтамау, көкөніс пен жемісті жумай пайдалану, сонымен қатар дұрыс пісірілмеген ет, сүт, балық, кондитерлік өнімдерді дұрыс пайдаланбау салдарынан туындайды. Инфекция, негізінен су, тағам, тұрмыстық қатынас арқылы жұғады. Су арқылы жұғу жолдары – табиғи жағдайлар (жаңбыр, тасқын, т.б), су құбырлар жүйесінің апаттары немесе санитарлық-техникалық талаптарға сәйкес болмау, ауыз су сапасының органолептикалық, бактериологиялық нәтижелерінің өзгеруі арқылы болады.

Тағам арқылы жұғу жолдары  – тағамды дайындау, сақтау, тасымалдау ережелері бұзылғанда, тағамның органолептикалық және бактериологиялық көрсеткіштерінің өзгеріске ұшырауынан болады. Тұрмыстық қатынастар арқылы жұғу себебі, санитарлық тұрмыстық жағдайлардың нашарлығымен сипатталады. Жаз айларында балалар көп уақытын далада өткізіп, көкөністерді, жемістерді жумай жейді. Лас қолмен тамақтанып, жеке бас гигиенасының тазалығын сақтамайды.

Балалар мен сәбилерді тамақтандыру кезінде жеке бас гигиенасының сақталмауынан, дайындалған тағамды тоңазытқыштан тыс жерде сақтаудан тағамда түрлі микпоорганизмдер дамиды. Сондай-ақ, бұған қайнатылмаған суды пайдалану, қосымша сүтпен тамақтанатын балалар үшін дайындалатын сүттің сапасыздығы ықпал етуде. Көп адамдар бұл ауруға базарлар мен дүкендердегі тағамдардың сақталу мерзіміне көңіл бөлмегендіктен жиі шалдығады.

Тағы бір айта кететін жағдай, егер адамдар арнаулы орындары жоқ саудагерлерден сүт, қаймақ, айран, ірімшік сатып алу кезеңде осы ауруға жиі шалдығуы мүмкін.

Ішек инфекциясын жұқтырмас үшін мына ережелерге көңіл бөліңіз:

  • жеке бас гигиенасын (қолды сабынмен жуу) сақтаңыз;
  • балаларға жеке бас гигиенасын үйретіңіз және қадағалаңыз;
  • көкеніс пен жемістерді мұқият тазалап жуыңыз;
  • көшеден кондитерлік өнімдерді сатып алмаңыз;
  • дайын тағамдарды дұрыс сақтаңыз, яғни, тоңазытқышта үш күннен артық ұстамаңыз (тез бұзылатын тағамдарға қатысты);
  • дүкендерде, базарларда өнімдердің тоңазытқышта сақталуына, жарамдылық мерзіміне, сәйкестік сертификатына көңіл бөліңіз;
  • үй жағдайында тағамды тоңазытқышта сақтау тәртібін, мерзімін бұзбаңыз.

Ермек Алтаев, Жамбыл облысы ІІД Санитарлық эпидемиологиялық қадағалау тобының жетекші маманы

Жіберіп алмаңыз:

ОҚО-да 86 жастағы әже дәрігерлер қауіпті деген өттегі тасын өзі түсірген

Қызылорда облысында ұлы анасына бауырын беріп өміріне араша түсті

Елімізде тұтынып жүрген 19 литрлік құтыдағы су қауіпті болып шықты

Алматы облысы тұрғынының тісжегіден басталған дерті асқынып қатерлі ісікке айналған (фото)

Талқылау