Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәрігерлер Астанада көлік астына түскен оқушы қыздардың жағдайын айтты

Астана қалалық №2 балалар ауруханасының дәрігерлері “Лексус” көлігінің астына түсіп ауыр жараланған оқушы қыздардың жағдайы туралы айтып берді.

2017090516561135892_content_home

“Муса Ф. 3 қыркүйек күні ауыр халде жеткізілген. Бас миынан ауыр жарақат алғандықтан бірінші деңгейдегі комаға түскен. Ауыр жағдайдағы бас ми жарақаты; маңдай сүйегінің сынуы; торлы қабақ астына қан құйылу; Кеуде клеткаларының жаралануы; құрсақ органдарының жаралануы, бүйрек; жамбас сүйегінің жабық сынығы; табан буындарының жырылуы. 2-3 деңгейдегі травматикалық шок”, – делінген хабарламада.

Қызға компьютерлік томография және ультрадыбысты тексеріс жасалған. Арнайы дайындықтан соң операция жасалды. Қазіргі таңда оның жағдайы ауыр күйінде қалып отыр. Интенсивті терапия жалғасып жатыр.

Екінші қыз Анель Файзулла оң аяқ жіліншігінен жарақат алған. Ауруханада тексерістен өткен соң үйіне жіберілген.

Еске салсақ, жол апаты 4 қыркүйек күні 13:30 шамасында болған. Момышұлы даңғылымен келе жатқан Lexus көлігіндегі 21 жастағы жігіт бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кетіп, үш оқушы қызды қаққан.

Оқи отырыңыз:

Елімізде жедел жәрдем қызметі науқастарға ауру белгілеріне қарай көмек көрсететін болады

Медициналық сақтандырудан тыс қандай ауру түрлері тегін емделеді?

Алматы облысында түйенің сүтімен, зәрімен сауықтыратын емхана ашылды

40 жастан кейін ер адамдардың физиологиясында қандай өзгерістер болады

Талқылау