Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәрігерлер 14 саусақпен туған қыздың артық саусағын кесіп тастады

Қытайда дәрігерлер 14 саусақпен туған қызға ота жасады, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.

Дәрігерлер 14 саусақпен туған қыздың артық саусақтарын кесіп тастады

14 саусақпен туған үш жасар қыс кедей отбасынан шыққан. Оның туыстарының бес ұрпағында бірдей саусақ кемістігі болған екен. Бірақ, оларда ота жасатуға мүлде ақша болмағандықтан, олар 14 саусақпен өмір сүре берген.

Ал, бұл қызға Ляонин провинциясының Шэньян қаласындағы аурухананың дәрігерлері көмектесті. Олар бүлдіршіннің ата-анасына қыздың екі қолының да әдемі болатынына уәде беріп, саусақтарын еш қиындықсыз қозғалта алатын болады, деп сендірген.

«Қыздың әр қолында екі артық саусақ болды. Мұндай жиі кездесе бермейді. Біз тек саусақтардың қайсысын алып тастау және қай саусақтарды қалдыру керектігін нақты білмедік», - дейді хирург Чжань Цзе.

Бір қызығы, қыздың екі қолы екі түрлі болған екен. Сол қолына екі қосымша саусақ бірге біткен болса, оң қолында үлкен саусақтан екі қосымша саусақ өсіп шыққан.
 

Талқылау