Дәрігер: Трамп салауатты өмір салтын ұстанса, 200 жасқа дейін өмір сүреді
АҚШ президентінің бас дәрігері Ронни Джексон Дональд Трампты тексеруден өткізді. Дәрігер президенттің жағдайы жақсы және өзіне тиесілі міндеттерді атқара алатын жағдайы бар екенін айтты. Бұл туралы The Telegraph хабарлады.
Оның айтуынша, АҚШ-тың 45-ші президенті салауатты өмір салтын ұстанса 200 жасқа дейін өмір сүре алады. 71 жастағы гамбургерді сүйіп жейтін адамның денсаулығы қалай жақсы болады деген журналистердің сұрағына:
“Трампта құдайдан берілген ұлы ген бар. Ол қандағы холестерин деңгейін азайтатын және шаш түсуден қорғайтын дәрілерді ғана тұрақты пайдаланады”, – деп жауап берді бас дәрігер.
Сонымен қатар АҚШ президентінің өзіне күтім жасайтынын да айтты. Ол темекі шекпейді, ішімдік ішпейді және 5-7 кг дейін салмақ тастау үшін физикалық жаттығулар жасап жүр.
Джексонның айтуынша, Трамп өзінің есте сақтау қабілетінің нашарлауына байланысты бас миын тексергісі келген.
“Ол күрделі сынақтан өтті, және барлық 30 балдың 30-ын да жинады. Ешқандай мәселе жоқ”, -деді президенттің дәрігер.
Айта кетейік, 14 қаңтарда 90-ға жуық америкалық дәрігер Джексонға хат жазған еді. Онда Трамптың ақыл есінің дұрыстығын тексеруін талап еткен.
Тағы оқыңыз:
Алматылық әйелді ипотекаға алған үйінен қуғалы жатыр
Елбасының АҚШ-қа ресми сапары аясында құны 7 млрд доллардан асатын 20 келісім бекіді
ОҚО тұрғыны 7 жылдан бері өзге ағымға кіріп кеткен қызы мен немересін үйіне қайтара алмай жүр
Ашаршылықтан соң қайта табысқан әке мен баланың аянышты тағдыры