Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәрігер сараптама жүргізу үшін 106 науқасты әдейі өлтірген

Дәрігер сараптама жүргізіп көру үшін адам өлтіруге дейін барған.

Германияның Төменгі Саксония федералды жерінде бұрынғы медицина қызметкері Нильс Хегель 106 науқасты улап өлтірді деген күдікке ілінді. Дәрігердің қылмысын әріптесінің бірі 2005 жылы байқаған.

Ол кезде науқас есін жияды. Ал Нильс Хегель 7,5 жылға сотталады. Осыдан соң билік өкілдері бірнеше мәйітті тексеріп, олардың бәрінің  ағзасында әлдебір дәрінің болғанын анықтаған.

Күдікті адам өліміне дейін апаратын екпе салғанын мойындады. Ол кейіннен уланған адамдарды тірілтуді қолға алып, жансақтау бөлімінде науқастарды құтқарушы болып көрінгісі келген.

2015 жылы Нильс Хегель екі адамның өліміне кәнілі болды. Дәрігердің өзі Дельменхорст пен Ольденбург қаласында 90-ға жуық науқасты әдейі өлтіргенін айтқан.

Осы аптаның басында тергеушілер тексеру жүргізіп, тағы 16 науқастың осылайша көз жұмғанын анықтаған.

Тағы да оқыңыз:

Қазақстандық жүргізушілер жанармай құю бекеттерінің өтірігін әшкереледі

Германия құжаттарында “үшінші жыныс” тобы пайда болмақ

Балғынбек Имашев елбасыдан Атамбаев үшін кешірім сұраған қырғыз ақынына жауап берді (видео)

Талқылау